Менің арманым
Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Лексикалық тапсырмалар. 1.берілген сөздерді септеңіздер: ғалым, зерттеу 2. көп нүкте орнына қажетті тәуелдік жалғауын қойыңыздар сіздердің анық істің жағ менің шеші эем мүмкінді ақпараттар 3. берілген зат есімдерден қатыстық сын есім жасаңыздар. белгі, ақыл, әлем, мемлекет 4. мына сөздердің синонимін жазыңыздар: еңбек - бітіру айналысу (жұмыс, аяқтау, шұғылдану) 5.төмендегі сызба бойынша салалас құрмалас сөйлемдер жазыңдар. қ біі 6.берілген сөз тіркестерімен сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар еңбек жолы, институт бітіру грамматикалық тапсырмалар. 1. қазақстан қандай елдермен шектеседі? ( солтүстікте – ресеймен, шығыста – қытай халық республикасымен, оңтүстікте-қырғызстан, өзбекстан, түркіменстанмен шектеседі) 2. қр-ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан) 3.қазақ халқының атақты ғалымдарын атаңыздар. 4.қаныш сәтбаевтың қанша ғылыми еңбегі бар? (640-тан астам) 5.көп нүктенің орнына тиісті баяндауыштарды қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар. 1. қаныш имантайұлы ірі мемлекет және қоғам қайраткері … . 2. оның ерекше қасиеті – студенттік шағынан … өмірінің соңғы күндеріне дейін – қарапайымдылық, кішіпейілділік, ға сергек … , қолынан келмеген көмегін … . керекті сөздер: аямау еді, қарау, бастап, болды. 6.«қазақ халқының ғалымдары» деген тақырыпқа диалог құраңыздар.
Ілік ғалымның зерттеудің
Барыс ғалымға зерттеуге
Табыс ғалымды зерттеуді
Жатыс ғалымда зерттеуде
Шығыс ғалымнан зерттеуден
Көмектес ғалыммен зерттеумен
2. Сіздердің анықтамаларыңыз, істің жағдайын, менің шешімім, ЭВМ мүмкіндіктері, ақпарат жиынтығы.
3. Белгілі, ақылды, әлемдік, мемлекеттік
4. Еңбек-жұмыс, бітіру-аяқтау, айналысу-шұғылдану.
5. 1.Менің уақытым аз, сондықтан пікіріңізді тез дәлелдеңіз.
5.2. Менің уақытым болғандықтан біресе онда, біресе мұнда жүгіріп жүрмін.
6. Оның еңбек жолы ерте басталды, институт бітіру сол еңбек жолының жалғасы.
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Қазақстан солтүстікте - Ресеймен, шығыста- Қытай Халық Республикасымен, оңтүстікте- Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанмен шектеседі.
2.1991 жылдың 16 шы желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
3.Қазақстан Республикасының атақты ғалымы Қаныш Сатбаев.
4.Қаныш Сатбаевтың 640 тан астам ғылми еңбегі бар.
5. Қаныш Имантайұлы ірі мемлекет және қоғам қайраткері болды. Оның ерекше қасиеті студенттік шағынан бастап, өмірінің соңғы күндеріне дейін қарапайымдылық, кішіпейілділік, адамдарға сергек қарау, қолынан келген көмегін аямау еді.
6. Қазақ халқының ғалымдарын білесің бе?
Жоқ, біле бермеймін.
- Жаңа ғана Қаныш Имантайұлы туралы мәліметтер алдым, енді ізденіп, білетін боламын.