Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк, жоса пайдаланылған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биікт. 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында “Еңлік — Кебек” деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8 —9 км жерде 1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды” деп жазылған тағы
Отырар кітапханасы — моңғол билігіне дейінгі Отырарда орналасқан ірі кітапхана. Фарабтағы (Отырар) кітапхананың негізін қалаушы ретінде ғалым әрі философ Әл-Фараби қарастырылады.[1][2][3][4][5] (орыс.) XII ғасырдың соңындағы кітап жинақтардың қараушысы Сунақ руынан шыққан Хисамуддин делінеді. Кітапхана ауқымы жағынан тек Александрия кітапханасына жол береді. Отырар Шыңғысхан жорықтарынан кейін жер бетінен тып-типыл етілді, ал кітапхананың кейінгі тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Кітаптардың тағдыры жайлы жазба деректерде айтылмаған. Ортағасырлық өзге кітапханалардың тағдыры жайлы аңыздар сияқты Отырар кітапханасының кітаптарының айналасында әңгімелер көп. Осы жағымен ол іздеушілерді өзіне тартады. Кейбір деректердің хабарлауынша, моңғол шапқыншылығы кезінде кітаптарды қорғау үшін жерасты жолдарында сақтауы мүмкін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінге сұрақтар құраңдар. септік жалғауларын белгілеңдер. қыстың желтоқсан айы.қар көп жауып, нағыз қыс болды. күн қысқарды. күннің көзі көрінсе де, жылынбайды. өзенге, көлге мұз қатып, мұз үстімен жүре бастады. қалың қардан шөптің басы көрінбейді. қыста аяз күшті. орманда үскірік боран да аз емес.