Жеті - қасиетті сан.
Қазақ - ырымшыл халық. "Қасиетті" сандарды білмейтін адамдар жоқ шығар: «үш», «төрт», «бес», «жеті», «тоғыз», «он үш», «қырықты» бала күнімізден естіп, біліп жүрміз.
Жеті саны киелі мәнде халық санасына, ұлттық ұғымға мықтап бекіген. Бұл санның тұрмыс-тіршілікте, халық фольклорында, діни ұғымдардағы маңызы ерекше. Оған дәлел, аптада неше күн бар – жеті, аспан неше қабат – жеті, жер неше қабат – жеті. Міне, қызық, бәрі де жеті. Нөсерден кейінгі жаратушының жаршысындай жауынмен жарысып шығатын кемпірқосақтың түсі – жеті, осыған қоса жинақтау сандары да жетімен шектеледі: біреу, екеу, ұшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. «Сегізеу», «тоғызау» болып айтылмайды. Міне, айта берсек «жеті» санының «сиқырын» сипаттайтын құбылыстар жетерлік. Қазақ халқының салт-дәстүрінде де жеті санының орны бөлек. «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар», «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» немесе «жеті атадан әрі ғана қыз алысу заңы», яғни араға жеті атаны салып құда түсу әдеті ғасырлар бойы сақталып келеді. Жеті саны кейде жақсылықпен байланыстырылып айтылса, кейде жамандықпен де байланысып жатады. Мысалы, қазақ «жұт жеті ағайынды» дейді. Бұл тіркес халықтың басына аласапыран заман туып, ашаршылық, бүліншілік, індет, ауру келсе айтылады. Халық жеті жұтқа мыналарды жатқызады: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала. Жеті санына байланысты культтік фразеологизмдер басқа сандарға қарағанда жұмсалу өрісі кең. Оларға: жеті ғашық, жеті шәріп (әулие); жеті қазына, жеті ғалам, жеті күн, жеті жұт, жеті жоқ, жеті қат көк т.б. жатқызады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ерте, ерте, ертеде атақты жыл ақсақалдың қыс, күз дейтін екі ұлы, көктем, жаз дейтін екі қызы болыпты. ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты. — ұлдарым мен қыздарым! ақылдарың толысты, буындарың бекіді. енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. қалай көресіңдер? – деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты. — мен дайынмын! -дейді қызу қанды қыс қатулы қабағымен сүзе қарап. — мен де, – депті көктем сұлу қасын керіп. — мен де, – депті көңілшек күз аузын бұртитып. — мен де, – депті жадыраған жаз. жыл ақсақал оларға риза болады. — ендеше, мен сендерге он екі айды үш-үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр, – деп, жыл ақсақал денесін тіктеп алады да, — мына әр қағазға ай аттары жазылған. әрқайсысың үш-үштен алатын болыңдар, – деп ораулы он екі қағазды шашып тастайды… ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып- тармасып алап жатады. — сонымен сендер кезекпен үш ай жұмыс істейтін боласыңдар. ал жолдарың болсын! бірақ бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар, – дейді де жыл ақсақал кетуге ыңғайланады. содан бері жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз, қыс ға қалтқысыз қызмет етумен келеді. перевести