Давид-Ольга
?>

Мне нужен текст про зиму на казахском языке + перевод и маленький 5-6

Казахский язык

Ответы

lovely138887

Қыс туралы.

Қыс мезгілі де келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қарға оранып, аппақ болып жатыр. Қыс мезгілінде аяз болғанымен, бұл балалар үшін өте қызық мезгіл. Себебі, балалар қыста шаңғы мен коньки теуіп, төбешіктен шанаға мініп сырғанайды. Енді кейбіреулері қардан аққала жасап, басқалары қар лактырысып ойнайды.

Қыс мезгілі сонымен қатар барша адам тағаттана күтетін Жаңа жыл мерекесімен ерекшеленеді. Жаңа жыл алдында оқушылар кезекті демалысқа шығып, армансыз ойнап, біраз тынығады.

sav4ukoxana7149
Балуан / Палуан - күрес өнерін жетік меңгерген алып күш иесі.

Көне Иранда палуан (палван, пехлеван) деп ақсүйек әскерилерді атаған, бұл сөз көне түркі тіліндегі «алып» сөзімен мағыналас. Шығыс елдерінде орта ғасырларда балуандар соғыс кезінде басы металдан кұйылған ауыр шоқпар күрзімен қаруланып, әскери қосындардың «күрзішілер» бөліктерін құраған. Күрес өнерімен айналысатын, ас-тойларда сайысқа түсетін зор күш иесін қазақтар «балуан» деп атайды.

Балуандықпен айналысатын адам ұлттық күрестің айла-тәсілдерін жетік меңгеріп, күшін жетілдіру үшін ауыр салмақты заттарды көтеріп жаттыққан. Балуандар күрес сайыстарына өз руларының атынан шығып, руының намысы үшін күрескен. Жеңістерге жетіп, елінің атын шығарған балуандардың есімі бүкіл халыққатанымал болып, ел құрметіне бөленген. Балуандар базар, жәрмеңкелерде, ойын алаңдарында жұрт алдында ауыр заттарды, кірдің тастарын көтеріп те өнер көрсеткен [1].

Күш-қайратымен, күрестердегі жеңістерімен есімі бүкіл қазақ қауымына танымал болған, Балуан Шолақ атанып кеткен әнші-композитор Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1864-1916), Иманжүсіп Құтпанұлы, XIX ғ.-дың аяғы мен XX ғ.-дың басында өткізілген әлемдік додаларда кәсіби классикалық күрес жарыстарына қатысып, әлем чемпионы атанған, есімі әлемге әйгілі болған Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) бар қазақ ардақтаған нар тұлғалы азаматтар.

Балуандық өнермен Абайдың әкесі Құнанбай, ата- бабалары Өскенбай мен Ырғызбай да айналысқан. Әсіресе, Ырғызбай талай ноқталы және қоңыраулы дейтін балуандарды жеңіп, үлкен атақ-даңққа ие болған екен. Балуандардың бір-бірімен күреске шығуын халық балуанға түсті десе, қарсыласын жығып, өз қауымының атын шығарып жүрген балуандарды «түйе балуан» деп атаған. Сонымен қатар күші мен әдіс-амалы айырықша асқан жеңілуді білмейтін балуанды күресетін ортаға ноқталап әкелетін болған. Бұл үрдіс бір жағынан қарсыласының мысын басу үшін қолданылатын психологиялық тәсіл болса, екінші жағынан балуанның асқан жеңімпаз ретіндегі мәртебесін айғақтайтын символдық рөл атқарған 
Ligaevruslan

temat9364

21 час назад

Қазақ тiлi

5 - 9 классы

+5 б.

ответ дан

Эссе Қыз-Жібек жырындағы салт-дәстүрлер көрінісі

aynuraberdiyarova84

Эссе:

« Қыз Жібек » жырындағы салт-дәстүрлер

Қазақ халқына кеңінен танымал көркем жырлар өте көп. Солардың бірі — «Қыз Жібек» жыры. Бұл жырдың негізгі тақырыбы қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, дүниеге деген көзқарасы, ұғымы . «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сол кездегі көшпенділігін білдіреді, сондай-ақ

салт- дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді.

Лиро-эпостық яғни махаббат жырларында негізінен батырлық, ерлікті жырлаудан гөрі, екі жастың арасындағы шынайы махаббат, халықтың әдет-ғұрпы , салт-дәстүрі көбірек суреттеледі екен. «Қыз Жібек» жыры да солардан кенде емес. Солардың бірі «Қыз көру» (салт). Кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаздар , сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп қыз аулына барады. Қазақта «Қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады.

«Бата аяқ» (салт) Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жігіт әкесі қыз аулына келіп «бата аяқ » өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора, қалың мал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді «баталасу» дейді . Айтыс (дәстүр, өнер) Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын , той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойларына жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен.

Поэманың екінші бөлігінде ақын Жібекті жаңа рольде көрсеткенде, оның ескі әдет-ғұрыптың бірде-бір әрпін бұзбайтын мүләйім жан ретінде суреттейді. Бұл жағдай Жібектің қара басының қамы үшін ғана емес, ең алдымен елін қоршап алған қалың жау-қалмақтардан құтылудың тура жолы.

Әмеңгерлік (салт) Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеу қайтыс болғанда оның жесірі "ерден кетсе де, елден кетпек жоқ", "аға өлсе, іні мұра" деген қағидамен әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады.

Бата (бата беру, бата алу) ( дәстүр ) Бата - ақ тілеудің белгісі. Ол кез-келген жерде айтыла бермейтін қасиетті ұғым. Ең жақсысын халық "ақ бата" деп қастерлейді Теріс бата. Бұл - бата деп айтылғаны болмаса, қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай бата сенімді ақтамаған, өзіне қолы, тілі тиген баласына әкесінің қолын теріс жайып берген батасы. Осы жырда бар теріс бата беремін деген салт...

Арыздасу (ғұрып). Бұл өмірден өтіп бара жатқан адам соңғы сағатында туған-туысқандарымен, бала-шағасымен соңғы рет тілдесіп, олармен қоштасады. Қатесі болса, кешу сұрайды. Өсиетін, арманын айтады. Бүкіл ел-жұртымен, туған елімен қоштасады Сүйінші (салт) Қуанышты хабар хабар жеткізушіге үй иесі «қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың , ризалықтың белгісі.

Қорыта айтқанда, белгілі ғалым, зерттеуші Р.Бердібаев жырға өзінің мынадай әділ бағасын береді. «Қыз Жібек»  — қазақ халқының даналығы туғызған асыл жырлардың бірі. Мұны эпиакалық суреттеу өнерінің ең жетілген кемес нұсқасы десе де болады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мне нужен текст про зиму на казахском языке + перевод и маленький 5-6
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

gardenkafe
galinazajceva781
Yelfimova-andrei
bristolhouse20151001
jakushkinn
parabolaspb
ann-perminova2008
evavard
Михаил736
bellaalya13862
Екатерина
eutenkova805
Levinalx4938
dawlatowajana
Svetlana1287