Біздің заманымызға дейін 4 ғасырда Карияны билеген Мавсол патша египеттік фараондар секілді тірі кезінен бастап-ақ өзіне мазар салуды қолға алады. Қаладағы сарайлар мен ғибадатханалардың ортасында орналасқан бұл кесене патшаның атағын, абыройын көрсетеді. Құрылысты салуға атақты сәулетшілер мен мүсіншілер Пифий, Сатир, Леохар, Скопас, Бриаксид, Тимофей тағайындалады. Мавсол патша дүние салған соң, кесене салуды оның әйелі Артемисия патшайым жалғастырады.
Құрылыс біздің заманымызға дейін 350 жыл бұрын аяқталды. Оның сыртқы бейнесі сол кездегі үздік сәулет үлгілерінің біріне жатады. Кесене 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабат мәрмәр жалатылған кірпіштен салынған. Екінші қабатта ғибадатхананы төбесімен жалғастыратын 36 бағана бар. Жоғары бөлігінде 4 атты арбада отырған Мавсол патша мен оның жұбайының мүсіні орналасқан. Тағы бір айта кететін жайт, мүсіннің айналасында ежелгі грек жырларында кездесетін амазонкалар соғысы, лапифтердің кентаврлармен соғысы бейнеленген. Кесененің атағы жер жарғаны соншалық, ғалымдар оны ерте замандағы 7 кереметтің қатарына қосады
Алатау — Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.
Жетісу және Iле Алатауының халық ұғымындағы жалпылама атауы.[
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Орақшы деген сөзді сөз құрамына талдап беріңдерші өтініш
- шы соз тудырушы журнак