a60ikurgannikova
?>

Əдептілік əліппесіне шығарма ж/е мына сөздерді катыстыра отырып əдеп сақтаған, күлге, түсінеді, ойлайтын, калдымак , ұстайтын, окыган, караган корсететін унамас келтірер создері болуы кажет комектесиндершии алдын ала рахмет

Казахский язык

Ответы

verav75
Əдеп сақтаған адам өз ортасында мəдениетті адам болып есептеледі.Мəдениетті ортада көп күлген адамды ешкім жақтыра бермейді.Содан бастап басқа адамдар ол адам жайлы жаман ойлайтын болады.Көпшілік ортада өзін жақсы ұстайтын,коп оқыған адам барлық адамға ұнайды.Ал өз ортасында өзінің жаман əдеттерін көрсетіп басқа адамдармен тіл табыса алмайтын адам ешкімге унамас.
vikanikita
Сəлембердік қымбатты əжем. Жазып отырған сіздің немереңіз Настя. Қалыңыз қалай, денсаулығыңыз қалай?иМенде бəрі жақсы. Бесінші сыныпты оқу оңай болмай жатыр, бірақ тырысып жатырмын. Менің саған жақсы жаңалығым бар,мен бірінші тоқсанды беске және төртке аяқтадым. Жақында менде демалыс. Мен сізге қонаққа барам. Мен сізге мысығымды апарам. Ол сыртта серуендегенді жақсы көреді. Мен барған кезде, мен сізге көмектесетін боламын. Мен сізге сыйлық дайындап қойдым. Оның сізге ұнайтынына сенемін. Мен сізді өте қатты жақсы көремін және сағындым. Бізге қонаққа келіңіз. Менің сүйікті Əжем.
arutchevben64
Қазақ би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Бүгiнде бишiлер де, би ансамбльдерi де, би студиялары да жоқ емес баршылық. Бiрақ, кәсiби жеке бишiлерiмiз саусақпен санарлықтай. Менi көптен берi осы мәселе ойландырады. Бiздiң би әлi әлемге таныла қойған жоқ. Солай бола тұрса да қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар. Қанымызға сiңiп қалған дүние. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бiрге жасап келедi. Әрине, тоқырау кезеңдерiнде мәдениеттiң басқа салалары сияқты ұлттық дәстүрлi би өнерi де қиындықты бастан кешкенi белгiлi.

Бiр кездерi көптеген әлем халықтарының билерiн меңгерген «Салтанат», »Гүлдер», «Айгүл» сынды елiмiзге және одан да тысқары елдерге кеңiнен танымал ән-би ансамблдерiнiң беделi бәсеңсiп, көрермендермен жүздесуi саябырлап кеткенi ешкiмге жасырын емес. Оның үстiне, әсiресе, ежелгi қазақ биiне ерекше мән беру назардан тыс қалды. Халқымыздың тек өзiне ғана тән қазақ биi - әлем билерiнiң iшiндегi ең жасы десек те болады. Ол өзiнiң шарықтау шегiне әлi жете қойған жоқ. Бiрақ оның белгiлi бiр бөлiгi классикалық деңгейге көтерiлдi. Мәселен, халық биi «Қамажай», «Маусымжан», «Қаражорға», «Келiншек», «Айжан қыз» тәрiздi ұлтымыздың болмысын танытатын билер бiздiң мақтанышымыз емес пе. Бұл жайдан-жай көңiл жұбату үшiн айтылған жалған мақтан деуден аулақпын. Бiз тiлге тиек етiп отырған қазақ би өнерi бiрнеше дәуiрдi бастан кештi. Халқымыздың бұл өнерiнiң болашағы бүгiнде осы сала өнерпаздарын қатты толғандырып отыр десем қателесе қоймаспын. Оларды ойландырып, алаңдатып отырғанда ұлттық биiмiздiң философияға бай мағынасы, әсерлi де тартымды көрiнiстерi болса керек. Жалпы бiздiң елдiң би өнерiнiң мүмкiндiгi мен өрiсi өте зор әрi биiк. Демек жоғары дәрежеде өркен жаюына керемет қуатты күш бар.

Сайып келгенде, қазақ биi оның арқауы халықтың жан дүниесi, оның таным түсiнiгi, табиғатпен байланысы, оның философиясы. Мiне, осының бәрi кез келген бидiң құрылымынан, болмысынан айшықты көрiнiс тауып жататынына өз басым күмәнiм жоқ. Әрине, бұны былайғы қарапайым жұрт аңғара бермейдi. Қай өнер саласы болсын, оның бiз бiлмейтiн жақтары, өзiндiк сырлары, әдiс-тәсiлдерi болатынын ешкiм жоққа шығармайды. Билер де жақсылыққа, iзгiлiкке, әсемдiкке құрылатынын бiлемiз. Олар адамның бойындағы асыл қасиеттердi мадақтаудан тұрады десем қателесе қоймаспын.

Ендi бiр сәт қазақ биiнiң жүрiп өткен жолына үңiлсек оның аумалы-төкпелi, өрлеу мен тоқырау кезеңдерi аз болмапты. Бiрақ Шара сынды саңлақтың арқасында бiздiң биiмiз әлемдiк сахнаға азды-көптi шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегiнiң нәтижесiнде қазақ биiнiң әр өрнегi халыққа жеттi. Ол өзiнiң түсiнiктi де тартымды, әсерлi де мәнерлi билерiмен сол өзi өмiр сүрген заманның талабын орындады, жүгiн көтердi. Сөйтiп, Шара апамыз қазақ би өнерiнiң қайталанбас жарық жұлдызына айналды десем менiмен бәрi келiсер.

Әрине, Шара Жиенқұлова, Дәурен Әбiров, Зауыр Райбаев, Болат Аюханов, Гүлжан Талпақова сынды бишiлер қалыптастырған салт та, дәстүр де қазақ биiнiң өзiне тән ерекшелiктердi бойына сақтаған әрi оны басқа елдердiң билерiмен салыстыруға әсте келмейдi. Қай жағынан алсаңыз да оның ұлттық иiрiмдерi, билеу мәнерi дараланып тұрады.

Себебi, бiздiң табиғатымыз даламен, еркiндiкпен, кеңдiкпен тiкелей байланысты. Қазақ оның төсiнде өскен төл баласы. Бұл қасиет оның өнерiне де тән құбылыс әрi заңдылық. Сондықтан да би өнерiнiң негiзi, қалыптасуы, тууы мiне осыдан бастау алып жатады. Бұған «Қазақ биi», «Айжан қыз», «Қаражорға», «Былқылдақ» сияқты ондаған ұлттық билерiмiз куә. Бұлардың денi классикалық өнер туындыларына, бишiлерiмiз үшiн би үлгiлерiне баяғыда-ақ айналып кеткен. Олар халық өмiрiн би тiлiмен баяндайды, соны мың бұралған әсем қимылдармен көрерменге жеткiзедi. Қазақ биiнiң түп төркiнiнде халықтың рухани таным түсiнiгiнiң жиынтық көрiнiсi жатқандай көрiнедi маған. Бiздiң ұлттық мәдениетiмiз оның iшiнде өзiмiз тiлге тиек етiп отырған би де елiмiздiң қоғамдық өмiрiнде орын алған өтпелi кезең кезiнде басқа өнер түрлерi тәрiздi бiраз қиыңдықтарды бастан кешiргенi рас. Бiрақ ол ертеден келе жатқан желiсiн үзiп алған жоқ, классикалық негiзiнен адасып, оны жоғалтқан жоқ. Өйткенi оның тамыры тереңде, халықтың санасында жатыр. «Қазақ биi кеңес дәуiрiнiң алғашқы жылдарында пайда болды», - деген жаңсақ пiкiрмен өз басым келiспеймiн. Сонда мыңдаған жылдық тарихы бар елде «би өнерi болмады» дегенге кiм сенедi. Әрине, кеңестiк дәуiрдiң кейбiр қоғамдық ағымының кесiрiнен қағажу көрiп, классикалық деңгейге көтерiле алмай қалды. Жаңа замандық әуеннiң көлеңкесiнде қалып қойды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Əдептілік əліппесіне шығарма ж/е мына сөздерді катыстыра отырып əдеп сақтаған, күлге, түсінеді, ойлайтын, калдымак , ұстайтын, окыган, караган корсететін унамас келтірер создері болуы кажет комектесиндершии алдын ала рахмет
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

lsyrbu
evgeniishulov4696
fiorire731
manager-3
milkamilka1998
a580028r
Герасимова107
Pokupatel
MAXIM76748
Pashinov
cvetyzelen283
baranovaas
vasilyevjob6
Vitalevich1187
Konchenko1980