Менің қаламда
Мен Астана қаласында тұрамын. Бұл менің туған қалам. Астана қаласы – Қазақстан Республикасының бас қаласы, сонымен қатар Ақмола облысының орталығы. Мұнда Есіл өзені ағады. Есіл өзені – Ертістің сол жақ және ең ұзын тарапы болып саналады.
Астана қаласы 1998 жылға дейін Ақмола деп аталса, 1967 – 1992 жылдар аралығында Целиноград деп аталған.
Менің қаламда бүкіл үкіметтік ұйымдар орналасқан. Сонымен қатар түрлі білім ордалары, театрлар, саябақтар көп. Менің қаламда әр мейрамға орай түрлі іс-шаралар өтіп тұрады.
Астана - әсем қала. Мен өз қаламды жақсы көремін.
Объяснение:
Жазылым;
Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашан құрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Составить диалог о наурызе на казахском языке, с переводом
Әсет: Әже, Наурыз көже деген не?
Әже: Балам, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде саналатын наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады.
Әсет: Ол қандай тағамдардан әзірленеді?
Әже: Қазақ халқының дәстүрінде жеті саны киелі саналады, міне,ұлттық тағам наурыз көже де міндетті түрде жеті түрлі тағамнан әзірленеді. Олар: су, ет, арпа, тары немесе күріш, айран, құрт және тұз.
Әсет: Неліктен осы тағамардан ғана әзірленеді? Меніңше, оның өзінің мәнісі бар.
Әже: Әрине, балам. Ең негізгісі - ол су, яғни «келер ұрпақ судай тасып, көбейе берсін» деген мағына білдіреді. Әдетте, сүрленген ет қосылады, бұл «ет көп болсын» деген мағына білдіреді. Ал арпа болса, керемет емдік қасиеттері бар, сонымен қатар өте тойымды. Дәнді дақылдарды қосатын себеп (тары, күріш) бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.
Қазағым қашанда сүт тағамдарын «ақ» деп ерекше бағалаған, міне, наурыз көжеге де міндетті түрде айран немесе сүт қосылады, бұл бір жағынан «ақ мол болсын» дегенді білдірсе, екінші жағынан «сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын» деген ниет жатыр.
Ал құрт пен тұз болса, тамақтың дәмін келтіреді.
Әсет: Мен бұрын бұл тағамның маңыздылығын білмеппін. Сізге көмектесейін?
Әже: Әрине, жаным. Қолдарыңды жуып кел, бірге әзірлейік.