ilonchick679
?>

Сочинение на тему дәл бүгіннен бастап

Казахский язык

Ответы

смирнов1127
 Біздің тағдырымыз өз қолымызда!Сибилла Ф.Партридждің жазған «Дәл бүгіннен бастап»атты ерекше де пайдасы орасан зор кеңесін назарларыңызға ұсынбақпын! Массагеттік достарыма да үлкен көмегі тиеді деген үміттемін. Жақсы тілек тілеп,адамдарға жақсылық тілегеннің өзі бақыт екен. Оны тек іштей түсініп, жүрекпен ұғына білу керек. Және де бәрі тек қана шынайы болуға тиіс, бұл жақсылықтың ең бірінші қағидасы. Шынайылықтың шыңы – иманның бастауы болып саналатын –адамгершілікте. Иманымыз бен бойға жиғанымыз кемерінен асып жығылсын, достар!                                          Дәл бүгіннен бастап 1. Иә,дәл бүгіннен бастап мен бақыттымын! Дәлірек айтқанда,Авраам Линкольннің «Адамдардың көпшілігі қанша бақытты болғысы келсе, сонша бақытты» деген сөзін басшылыққа аламын. Бақыт дегеніміз-айналамыздағы қалыптасқан жағдайдың нәтижесі. 2. Дәл бүгіннен бастап, мен өзімнің ойымдағы емес,мені қоршаған өмірге бейімделе бастаймын. Мен өзімнің отбасымды, жұмысымды, айналамда болып жатқан жағдайларды дәл сол күйінде қабылдаймын және оған етене араласуға тырысамын. 3. Дәл бүгіннен бастап мен өзімнің денсаулығым туралы ойлана бастаймын. Мен дене шынықтыру жаттығуларын жасап,өз үсті-басыма күтім жасаймын Дұрыс тамақтанамын, өз денсаулығыма зиян келтірмеуге тырысамын. 4. Дәл бүгіннен бастап мен өз ой-өрісімді кеңейте бастаймын. Білімімді толықтырамын. Миымды жаттықтыратын, қозғауға күш беретін кітаптар оқимын. 5. Дәл бүгіннен бастап мен өз-өзімді жетілдіруді қолға аламын. Ол үшін мен үш нәрсе жасауым керек: мен бір адамға өзі білмейтіндей етіп пайдалы іс жасаймын; одан басқа жаттығу ретінде өзіме пайдалы екі іс жасаймын. 6. Дәл бүгіннен бастап барлық адамға достық ниетпен қараймын. Жақсы жағымнан көрінуге тырысамын. Мүмкіндігінше өзіме жарасатын киім киіп, адамдармен дауыс көтермей  сөйлесем, ешкімді сынамауға, ешкімге жөнсіз тиіспеуге, ешкімді басынбауға тырысамын. 7.Дәл бүгіннен бастап бүгінгі күнмен өмір сүремін, өз өмірімдегі проблемаларды бірден шешу мүмкін еместігін есіме сақтаймын. 8.Дәл бүгіннен бастап мен өз істерімді жоспарлап, әрбір сағат сайын не істейтінімді жазып отырамын. Мен дәл осы жоспарым бойынша жазылғандарды жүзеге асыра алмауым да мүмкін, бірақ мен оны жасап қоямын. Бұл маған екі жаман әдеттен – асығыстық пен шешімсіздіктен арылуға мүмкіндік береді. 9.Дәл бүгіннен бастап мен жарты сағат жалғыздықта, тыныш жерде отырып тынығамын, ойларымды қалыпқа келтіруге тырысамын.  10.Дәл бүгіннен бастап мен бақытты болудан, әдемілікке сүйсінуден, сүюден, сүйікті болудан қорықпаймын. Мен жақсы көретін адамдардың мені де жақсы көретіндігіне сенетін боламын.                                                                   Дайындаған:   Самал Есқабыл. 

Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/8698/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
misterdre9991

Хат.

Сәлем,досым.Қалың қалай?Сабағың ше?Менде бәрі жақсы.Сен қашан ауылға келесің?Мен және Ақтөс сені қатты сағындық.Жазғы демалыста келесің деген ойдамыз.

Маған жазған хатыңда қазақ халқының бесікке салу,шілдехана,ат қою,тұсаукесер деген салт-дәстүрлері туралы мәлімет жазып жіберуді сұрапсың.Мен де көп білмейтін болғандықтан,атамнан көмек сұрадым.

Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады.Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды,сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді.Осыдан кейін бесік аласталынып,бала бесікке бөленеді және дәстүрге қатынасқан әйелдер қауымына кәде беріледі.Үлкендер бата беріп,бесік жыры айтылады екен.

Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап,“күзету” ю деген сенімге саяды.Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды.Бұл ғұрыптың түпкі мәні - бала мен ананы тіл-көзден сақтау,жын-шайтандардан қорғау.Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен.Әсіресе,жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”.Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.

Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады.Міне,осы салтты "балаға ат қою" деп атаған.Кейбірі заманына сай,ел арасында кең таралған,заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының,ұлы тұлғалардың есімін,кейбірі ежелгі есімдерді қоятыны белгілі.

Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады.Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан.Сол жіппен баланың аяғын тұсап,оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек,жайбасар а ң тұсауын кестірмейді.Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді,шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді.

Досым,атам екеуміз саған көмектесе алдық деген ойдамын.Ендеше сау бол!Хат жазып тұр.

Milovidova
--Қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесін?
--Қазақ халқының  музыкалық аспабына ,домбыра, қобыз , жетіген, адырна жатады.
--Домбыра ол қандай,  неден жасалады ?
--Домбыра ол қос ішекті, ағаштан жасалады.
--Домбыраның даусы қандай ?
--Домбыраның даусы майда, құлаққа жағымды.
--Аңыз бойынша қобызды кім жасаған ?
--Аңыз бойынша қобызды жасаған  Қорқыт  ата.
--Қазақ халқыңың қандай ұлттық мерекелерін білесін ?
--Қазақ халқының ұлттық мерекесі, Наурыз мерекесі..
--Бұл мереке қашан тойланады ?
--Наурыз мерекесі 22 наурызда тойланады.Наурыз жыл басы.,күн мен түннің теңелген күні.
--

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинение на тему дәл бүгіннен бастап
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Эдгеева219
An-solomon
АлександрАнатолий
kapi30
director3
Ka-tja78
kolesnikovaen
merx80
pavlino-mkr
slavutich-plus2
ivan-chay19
IrinaSolodukhina1495
innaterenina
kuznecovav3066
agrilandrussia