videofanovitch
?>

Берілген тұрақты тіркестерді пайдаланып, қарсылықты салалас сөйлемдер құраңдар: тәтті, қағаздай аппақ, сыбызғыдай жіңішке, удай ащы, қазанның күйесіндей.

Казахский язык

Ответы

Yurevna991
-Айжанның пісірген тамағы балдан тәтті,бірақ менің анам пісірген бәлішке жетпейді,-деді Айдана.
Далада жауып тұрған қар қағаздай аппақ,алайда оған көңіл аударып жатқан ешкім жоқ.
Қалаға келген әнші қыздардың дауысы сыбызғыдай жіңішке екен,-деді Марат аға.
Бұл жердің осы тамағы удай ащы,дегенмен балықтан жасалған тағамдар өте дәмді,-деді мейрамхана келген сыншы ағай.
Жадыраған жазда көлге шомылып жүрген балалар қазанның күйесіндей,сонда да өздері сүп-сүйкімді,-деді көрші апа.
propercarwashes275
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
grebish2002
Сыпайылық – адам бойындағы құнды қасиеттердің бірі. Сыпайы болу, әйел затына да, ер адамға да тән. Әсіресе бұл қасиет, қыз баласының бойынан табылу қажет. Сонау ата-баба заманынан, біздер үшін, яғни, қазақ халқы үшін тәрбиенің маңызы зор екені бәріне белгілі. Ал тәрбиелікке не жатады?! Оған: үлкенге құрмет, кішіге ізет, қарапайымдылық сынды қасиеттер жатады, ал айтылған қасиеттердің барлығы сыпайылықтан бастау алмайды ма?! Демек, сыпайылық – тәрбиенің белгісі...      Қазақ қашанда қызын төрге шығарып, гүлге теңеп өсірген. Оған берілетін тәрбие де бөлектеу болған. Ұл баланы былай қойғанда, қыз баланың бойында сыпайылық міндетті түрде болу керек. Өткені, қыз бала – ол болашақ жар, бір үйдің түтінің түтіндетіп отыратын келін, аяулы ана. Сыпайылық таныта білетін қыздың бойында, басқа да жақсы қасиеттердің болатыны сөзсіз де түсінікті. Мұндай қыз – ата-анасының абыройы, қуанышы мен мақтанышы.      Қазіргі кезде, қазақ қазақ болып қалғанымен, қазақилық жойылып бара жатыр... Қазақ қызының бойынан сыпайылық тұрмақ, тәрбиеліктің мүлдем жоқтығын көреміз. Кітап оқу, тұрмыста қажет істермен айналысу орнына, дөрекі сөздермен сөйлеу, дауысы жер жарарлықтай күлу, таңға дейін түңгі клубтарды паналау, нәзік қыз қолына темекі ұстап, алкогольдік заттарды ішуді дұрыс көреді. Қыздың бәрі бірдей емес, ең қуантарлығы да осы – қазақтың тәрбие көрген, үлкенді сыйлайтын, сыпайылық таныта білетін қыздарының әліде қоғамымызда бар болуында.     Сыпайылық ол деген – қарапайымдылық. Ал қарапайым болу ешбір адамды ұятқа қалдырған емес. Шенінің жоғарлығына, қоғамдағы орынының зиялылығына, алған тәрбиесіне, ұлт санатына, жас мөлшеріне қарамастан, барлық жағдайда қарапайым бола білу – бұл адамгершіліктің белгісі, сыпайылық пен тәрбиеліктің белгісі.

Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/9426/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Берілген тұрақты тіркестерді пайдаланып, қарсылықты салалас сөйлемдер құраңдар: тәтті, қағаздай аппақ, сыбызғыдай жіңішке, удай ащы, қазанның күйесіндей.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*