Елін сүйген ерлер батыл жүрегімен, намысшылдығымен жауына тойтарыс берді. Ақтық демі қалғанша соғысқан қазақ батырлары Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды қазақ батырларының зор еңбегі сіңді. Солардың арқасында еліміз гүлденген әлемге айналды. Кейін батырларымыздың аты ұмытылмай, оларға «Халық қаһарманы» атты атақ берілді. Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, қайта ел үшін өзім не істей аламын деп сұра?! Бабаларымыз елін, тілін қорғап, болашақ, яғни қазіргі Қазақстан үшін жанын қиды. Ол кездерде қиын кезең болып, отбасыларының еркектері соғысқа аттанып, әйелдері сол ауылдағы ауыр жұмыстарды істеді. Бірліктің, достықтың, ерліктің арқасында Ұлы Отан соғысында жеңіске жеттік. Қазақ халқы өздерінің ұлтшыл, намысшыл болуының әсерінен 1991жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналды. Бүгінде халқының саны 16 млн, 140 ұлт бар.Ұлы Отан соғысына дәл бүгін 66 жыл болды. Ал, соғысқа қатысқан адамдардың ішінде бүгінгі күнге жеткендері де, соғыста қаза тапқандары да бар. Сол қаза тапқандарды әрдайым еске алып тұрады. Сондықтан 9 мамыр Жеңіс күні деп белгіленген. Елімізді жаудан қорғаған батырларымызға айтар алғысымыз шексіз!
Doronin755
05.10.2022
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен түсінік, адамды тыңдай, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Иә, дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Өйткені, ақымақ үшін достың қандай болу керек екені бәрі бір. Ақылдыға қиын. Өйткені, ақылды адам достың қандай болуы керек екенін біледі. Өйткені, өзін түсінетін, мейірімді, ақылды дос табуға тырысып, оны талғайды, іздейді. Дос досты ешқашан сатпайды. Себебі, достық сезім – мәңгілік.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Напишите загадки про столовую про официантов и про повара с перевод по три загадки
Аспаз, даяшы, асхана туралы жұмбақтар:
Бал татыған мәзір,
Ол бар жерде әзір. (Аспаз)
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
Жақсы тамақ пісіріп,
Бізге үнемі береді.
Ботқа, көже, тоқашты
Дәмді етіп пісірген.
Ол кім екен, кім білер? (Аспаз)
Асхана мен дәмхана,
Оның жұмыс мекені.
Поднос тасып жүреді,
Бұл кім екен өзі? (Даяшы)
Дәмхана келсең болғаны,
Не қалайсыз? деп күтеді. (Даяшы)
Не қалайсыз деп сұрап,
Тәтті тағам ұсынған,
Бұл кім екен, балалар? (Даяшы)
Тәтті тағам мекені,
Мектептің бұл "жүрегі"? (Асхана)
Тәтті тоқаш бір тістеп,
Бұл жерде шай ішіп,
Қарның ашса, тағам жеп,
Демалатын бұл қай жер? (Асхана)
Ыстық тоқаш, тәтті нан,
Бәліш пенен сүт ботқа,
Не қаласаң, бәрі бар,
Бұл қай жер екен, кім айтар? (Асхана)