Үш тұғырлы тіл
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.
Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.
Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дұниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, терең қалай терең ойлап айтқан десеңші...!
Осы орайда мен де өз келешегімді шет тілдерімен байланыстырамын. Қазірдің өзінде мектепте ағылшын тіліне ден қойып, орыс тілін де жетік меңгеруге тырысып жүрмін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қазіргі кезде «қазақмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде техникалық аудармашы қызметіне ауысқанмын. қызметтік баспалдақпен өсуді армандаймын. жақында кадрлар бөлімі аға аудармашы қызметіне байқау жарияланды. мен де құжаттарымды ұсындым. әзірге механика бөлімінде еңбек етудемін. жұмысшылар мен шетел мамандары арасында дәнекермін. шетелдік мамандардың айтқанын, көрсеткенін өзіміздің ға нағыз өндіріс тілімен ұғынықты етіп аударып беремін. өндіріс орнында жүрген соң бәрін қолмен ұстап көруге болады. бұл - үлкен тәжірибе. қазір екінші техникалық мамандыққа оқуды ойластырып жүрмін. көздегенім – мәскеу технологиялық институтының инженерлік мамандығы. себебі, бұрынғыдай емес, жылдан жылға шетелдік мамандар азайып, олардың орнын өзіміздің азаматтар басып жатыр. соның арқасында әрі оқытып-үйретудің күшімен жергілікті ұлттық кадрлардың үлесі артып келеді. компаниялар да осы бағыттағы жұмысты күшейте бастады. сондықтан, екі мамандыққа ие болсам, жұмыс оңай табылады. оның үстіне бір орында тұрып қалғым келмейді. нужен перевод