egorstebenev6
?>

Составте текст на казахском языке на тему столовая

Казахский язык

Ответы

dashasnegirva
Асхана — қоғамдық тамақтандыруда ең көп таралған кәсіпорын түрі. Орналасуына және тұтынушылар контингентіне байланысты: жалпы типті, өндірістік болып бөлінеді. Тағамдар ассортиментіне: салқын тағамдар мен басытқылар, бірінші және екінші ыстық тағамдар, сүт және сүтті өнімдер, ыстық және салқын сусындар, тәтті және ұнды-кондитер өнімдері кіреді. Диеталық асханаларда мәзір кем дегенде диетаның 5-6 түрін қамтуы керек. Асханада әркімнің өзіне қызмет көрсету әдісі жиі кездеседі. Металдан, жартылай фарфордан, фаянстан, шыныдан жасалған ыдыс-аяқтар қойылады. Құрал-аспаптар тот баспайтын болаттан. Асханада жартылай өнімдер мен кулинарлық тағамдардың сатылуы жүзеге асырылады; тамақ жейтін, ішетін үстелі бар бөлек бөлме; осы бөлмедегі жиһаз; қоғамдық тамақтану кәсіпорны.
extremhunter
Арман адамды қанаттандырады. Адамның арманы ешқашан таусылмайды, яғни армансыз адам болмайды. Әркімнің арманы өзінің жасына, біліміне, өскен ортасына байланысты болса керек. Менің әзірге арманым жақсы оқып, тиянақты білім алу. Адал да, мейірімді болып өсіп, өз жетістіктеріммен ата-анамды қуанту. Мен "Алтын балықтан" ешнәрсе күтпеймін, жетістіктерге өз еңбегіммен жеткім келеді. Арманға жетудің кілті адал еңбек. Ал, еңбектену үшін білім керек. Білім алу үшін көп оқып, көп білуім керек. Міне, менің әзірге арманым осындай. Менің ата-анам мен үшін үлгі. Олар көп жетістіктерге қол жеткізген. Олар бізге бұның бәрі біздің біліміміз бен адал еңбегіміздің нәтижесі,- дейді. 
vasiliyglukhov
А жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.

Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.

Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, а ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Составте текст на казахском языке на тему столовая
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

elenalukanova
mv7095
jenko87
volkovaekaterina303
AOS2015
thedoomsdatdcs36
Курнев-Анастасия359
Galkin Vladimirovich729
Feyruz90
Щуплова Александр
ver2bit
Раисовна878
КириллЕгорова1906
GridnevaVNIGNI"
Герасименко