zubov-073620
?>

Два предложения на казахском языке с переводом.чтобы все слова в предложении начинались на одну

Казахский язык

Ответы

vasilevam
Тарих тұстарын тереңінен тармақтай түскенімде, тілдің тамырының тереңге таралуынаталпынған тарихшы тұлғалардың, талайды тамсандыратын туындыларымен,толғауларымен, тұжырымдамаларымен таныстым. Тілдің тік тұруына тер төккен талай-талай тарих тағылымдары тектен — текке, тегіннен — тегін туламаған. Түбінде,таптырмас тұста тілге тоқталатынымызды түсінген. Тұлғалардың Түрлі тілдерді танып,тілдесуі тамаша тірлік. Түрлі тілде тілдесе тұрып, туымыздың төрі, тегіміздің тірегі,тәңір тартқан тілімізге тер төге тілдесу түкке тұрмайды. Түрлі тілде тілдесетіндердіңтуған тілде тілдеспей тартынуы түсініксіз. Түсінгенім, түрлі тілде тарсылдатып,тоқтаусыз тілдессең табысты тұлғалармен табысың таразы тұсында тең тұрады.Түсінуге тырыссақ, түрлі тілде тілдесу тыныс — тіршілік тауқыметі. Туған тіліндетілдеспей, түрлі тілде тақылдаған тұлғалардың тағдыры, тіл тыңдармандарының,тілмәштардың, тер төгушілердің тірлігін терісінен тудыруда. Тілдің тізгіні түзу.Түзудіңде түзетулері табылып тұр. Тілге төгілген тоқтаусыз теңгелердің тізімінтүзетіп, таразыласақ. Таразы тұсын талапқа тапсырсақ. Темір тұлпарлы тұлғалар, теміртұлпарға тағылатын талаптан тартынатындай, тұлғаларға түрлі тілде тілдессін,тілдеспесін туған тілінде тілдеспейтіндерге түрлі талап тағайындалып, тарауларментыйымдасақ. Тыйым — түрлі тұстарда тұлғаны толғандырмай тұрмаған. Талап —тұлғаны талаптандыра, талпына түсуге тырыстырған. Туған тілін тыңдамай,тілдеспегендердің толық табысын тоқтатпаса да, тапқан-таянған табысының тиын —тебенін төмендетсе, тіліміз туралы түсінігі таяз тұлғалар тиесілі төлем төлеп тұрса,тілге түскен табыс түсімін, тастанды тұлғалардың тегін тамақтануына тарқатса,төңіректе тұратын тұрғындардан тіл төрағалары тағайындалса, туған тіліміздетамашаланатын телеарна табылса, табылған телеарна түпкір — түпкірдегітұрғындарымызғада тартылса, тілшілердің тақырыптары түгелімен туған тіліміздетарап, тергеушілеріміз тек туған тілінде тергесе, тілден тасалап, тайтарылатындартүбегейлі тергеуге тіркелсе талай тірліктер тыңғылықты тындырылып, тілімізтөңіректегі тілдердің төбесіне тым тақалмасада, таяулайтыны тура. Тегіміз, түбіміз —түрік. Танитын түріктермен тілдескенде тамсанатыным, түпәй — түпәй тілім тасқатілімізді таза, толық тіркестермен, туған тіліндей тоқтаусыз, тамаша тәсілдерментүсініп, түсіндіретін таланттары. Тілімді тым төмендетпеймін, тәңірге тәубә тілімізгетер төгушілердің тізімін тасаға тастамайық. Тіліміздің тарихы тақадай толып тұрсада,түрімізді төмен түсіретініміз, тілімізге титтей талпындыратын, турашыл, тіреушітұлғаларға  тапшылығымыз
shuttse
Торғайлар (лат. Passer) – торғайтәрізділер отрядына жататын құстар туысы.

Жер шарына кең тараған 27 түрі бар. Африка, Еуропа мен Азияда кең таралған, кейбір түрлері жерсіндіру мақсатымен Америка, Австралия мен Жаңа Зеландияға апарылған. Қоразы мен мекиенінің сыртқы түсі әртүрлі: қораздарының тамақ асты қара түсті болады. Көпшілігі – отырықшы, кейбіреулері – жыл құстары. Ұзындығы 12 – 15 см. Ағаш қуыстарын, індерді, үй-жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Көптеген түрлері – синантропты. Қорегі – дәнмен; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді. Еуразия аймағында кең тараған түрлері: үй торғайы (P. domestіcus); үнді торғайы (P. іndіcus) және дала торғайы (P. montanus). Орта Азия мен Кавказ сыртында ағаштарда үлкен топ құрып өмір сүретін испандық немесе қаратөс торғай (P. hіspanіolensіs) басым. Шөл даланы мекендейтін сексеуіл торғайы (P. ammodendpі); шөл торғайы (P. sіmlex) мен Сахалин, Оңтүстік Куриль аралдарында кездесетін жирен торғай (P. rutіlans) адамдар мекендерінен тыс жерлерде тіршілік етеді. Үнді және испандық торғайлар – дәнді дақылдардың зиянкестері. Шөл торғайлар сирек кездесетін құс ретінде «Қызыл кітапқа» енгізіліп, қорғауға алынған.[1]
andrew-lev2501

Мен де бір ой айтайын ...

«Қазіргі заманда үш тіл білу - міндет».

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.

Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.

Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дұниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, қалай терең ойлап айтқан десеңші...!

Осы орайда мен де өз келешегімді шет тілдерімен байланыстырамын. Қазірдің өзінде мектепте ағылшын тіліне ден қойып, орыс тілін де жетік меңгеруге тырысып жүрмін.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Два предложения на казахском языке с переводом.чтобы все слова в предложении начинались на одну
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Aleksandrova Zhanna1250
elaginaelena70
YaroslavSerganYS5
Исаченко Тераски1181
valeron7hair7
turovskaya69
vkaloshin
rosik76
Alekseeva_Khlistov
Vyacheslav_Nikolaevna
mvolkov8
loa364
filimon131262
elaginaelena70
Yevgenii_Gurtovaya1532