smileystyle
?>

Короткие стихи про школу на казахском языке

Казахский язык

Ответы

themolodoy
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан былтырдан бері 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін күресіп келеді.
alicia179
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Larisa-0888716

Менің  жазғы  демалысым  өте  көңілді  өтті. Ауылдағы  атам мен  әжімнің үйінде  болып  қайттым.Ауылдың  ауасы  таза,  қалаға  қарағанда. Ауылда  менің  достарым  көп. Достарым  мен  жайлауға  бардым. Ауыл  қандай  тамаша. Ауылдан  келген  соң  анаммен  бірге Астана  қаласына  нағашы  татеме  бардым. Астана үлкен  әсем  қала. Айтып  жеткізу  мүмкін  емес. Әр  түрлі  кітаптар  оқыдым.  Соның  ішінде  ертегілер  басым. Үйде  ала  мысығым  бар, сонымен  ойнадым.  Кейде  анам  екеуміз  көшеде  қыдырамыз. Паркке  барамыз. Жаз  қандай  жақсы,  шіркін!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Короткие стихи про школу на казахском языке
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*