oleonov
?>

Напишите сочинение на казахском языке, на тему "правильное питание", желательно с переводом. 15 !

Казахский язык

Ответы

Norov
Дұрыс тамақтану үшін әрқайсымыздың аспаз болуымыз міндетті емес. Тағамның дәмді, дәмсізін ажыратудан бөлек, пайдалы не зиянын таба білу үшін орасан білімнің қажеті шамалы. Тек бірнеше қарапайым қағидаларды жаттап алсаңыз болғаны. Бүгінгі әңгімеміз осы қағидалар турасында өрбімек. Көбіміз таңғы ас пен кешкі асты үйден ішкенімізбен, түскі асты көбіне сырттан (асханадан) ішеміз. Қандай жағдайда да, әрқайсымыздың өз мәзірімізді біліп жүргеніміз жөн. Күндізгі тамақтану адамның қанша күш жұмсайтынына байланысты болуы керек. Егер жұмыстың басым бөлігі түске дейінгі мерзімге түссе, таңғы ас пен түскі асқа баса мән беріңіз. Ақуызы көп тағамдар зат алмасу үрдісін жүргізетін мүшелердің қызметін күшейтеді. Ұйқы кезінде ас ақырын қорытылады, сондықтан ұйықтар алдында тойып тамақтанбау керек. Ұйқыға жатардан үш-төрт сағат бұрын тамақтанған дұрыс. Тәбет (ашығуды сезіну) – сау ағзаның белгісі. Бұл жерде жүйке жүйесі маңызды рөл атқарады. Ескеретін бір жайт, таза, жылы бөлмеде әдемі әзірленген тағам тәбетті ашса, лас, тұрып қалған ас-ауқат тәбетті жауып қана қоймай, ағзаға белгілі мөлшерде зиянын тигізеді.
kozak8824
Ән — ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы. Ән мазмұнына қарай (азаматтық, революциялық, лирикалық, еңбек, т.б.), шығу тегіне байланысты (халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни т.б.) және орындалуы мен  байланысты (жеке дауысты, көп дауысты) болып бөлінеді. Әуендік-интонацация, орындаушылық мәнер-нақышы және шырқау ерекшелігіне сай  әндері  тағы басқа болып айқындалады. Халқымыздың ән шығармашылығы негізінен домбыра аспабының сүйемелдеуімен дамыған. 
мурувватовна викторович569

Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы,

Адамзатты алға бастар Ар заңы!

Мір оғындай Момышұлы Бауыржан –

Туа біткен туралықтың тарланы.

 

Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,

Бойға жиған ақылы мен сабырын,

Өмір бойы шындық үшін күресіп,

Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!

 

Жауынгерді айналдырып құрышқа,

Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.

Ұрпағына үлгі болған ғұмырын

Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа!

 

Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,

Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай.

Біздер үшін рухы биік Бауыржан

Батырлық пен Ақиқаттың туындай!

 

Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған,

Туған елді өз үйім деп таныған,

Жалындаған жастар керек еліме

Батыр баба қасиеті дарыған!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Напишите сочинение на казахском языке, на тему "правильное питание", желательно с переводом. 15 !
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Смирнов-Оськина
Petrosienko_Larisa,1908
a8227775
Voronina747
Ferrigen
symkifm
Кирилл-Анна1023
Boldinova-Marianna
muz-cd
pavtrusov
avn23
Konchenko1980
struev2003260
Misyura_Viktoriya1683
Tatianamir765654