sorokinae
?>

Еліктеуіш сөздерді пайдалана отырып , осы сәттегі табиғат құбылыстарын суреттеп шығарма жазындар. талаптар: 1) көлемі 100-110 сөз болсын 2)тілі көркем болсын

Казахский язык

Ответы

mila010982
Көптен күткен көктем де жетіп келді. Жан-жағына жалт-жұлт қарасан, еріп жатқан қарды, оның астынан шығып келе жатқан шөптерді көресін. Наурыз болғанымен де қар түгел ерген жоқ. Қалай болғанымен, лай да аз емес. Бұл наурыздың он сегізі болды. Наурыз мейрамына таяп қалды. Шатыр тырс-тырс етіп жатыр. Терезеге қарасам, қардың баршасы еріп, жаңбыр жауып жатыр екен. Далада шарық шұрық етіп найзағай ойнады. Ормандағы аңдар тарс-тұрс етіп індеріне кіріп кетті.Жаңбыр қоймай жауа берді. Келесі күні дала жаңарып, құстар сайрай бастады. Көктем- ең шуақты мезгіл. Бұл менің ең сүйікті мезгілім. Наурыз мейрамына да жеттік. Барлығы әдемі қазақтың ұлтты киімін кие бастады. Біздің мектепте де балалар әдемілеп киініп келді.
magazin-71

Зар заман – тарихи кезең.

Көгінде қыран қалықтап, жерінде түйесі боздап, жылқысы құлындаған байтақ қазақ жері небір қан сасыған майдандарды өткерді. Ал қазақ елінің осынау қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға қол жеткізу үшін бейнетті, терді, талай бейкүнә өмірді артқа тастады. Ел тарихында осындай айрықша тарихи кезеңдердің бірегейі – "зар заман" кезеңі.

Зар заман ақындарының алғашқы легі Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады. Ал зар заман ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет М.Әуезов енгізген термин. Сол кез ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. "Неліктен "зар заман"? Ол кездегі жағдай қандай болды?" деген сұрақтарға біз жауапты Шортанбай Қанайұлының бір ғана "Зар заман" өлеңінен-ақ ала аламыз.

Ақын өлеңін "бисмілла" деп бастап көргені мен түйгенін жырлап әкетеді.

Дұрысын білмейтін надандардың басшы бола бастағанын, ақша деген дүниенің шыққанын, байлардың ұрлық жасап, билердің парақор болғанын, бір-бірлерін көре алмай, орыстарға жем болатынымызды, егесетін, әдесіз қыз бен жігіт шыққанын, барлығының ойлағаны мал және бұрынғы заман қайта келмейтінін айтып күйінеді. Осыдан-ақ сол кезде расында ел ішінде үлкен өзгеріс пен жаңашылдық болып жатырғанын көреміз. Ш. Қанайұлының ойын жалғастыра көптеген ақындар да сол заманды өз өлеңдеріне арқау етті.

Әлбетте, қазіргі заман бұдан әлдеқайда тыныш, бейбіт. Бірақ сол кезеңнің қалдықтары да жоқ емес. Игі жақсыларымыз, ұлт жанашырлары саны ғана емес сапасы жақсы болса, әлеуметтік жағдай одан әрі жақсарары шүбәсіз.

yuklimochkina3
Ғаламтор а ң өмір сүру дағдысына, тұтас рухани әлеміне ұнамды я ұнамсыз жақтан күшті ықпал ететіні анықталуда. Сондықтан оны пайдаланғысы келген адам ондағы бар болған мүмкіндіктерді тек өз қажеті үшін адасып ағат кетпей, денсаулығына, қызметіне кері әсерін тигізбей дұрыс игіліктене білгені жөн. Егер сіз ақ пен қараны айқын ажырата алмайтын болсаңыз, мағынасыз өмір тұңғиығына балдай батып, судай сіңіп лағып кетеріңізде дау жоқ.Өйткені, ғаламторды пайдаланушының жас ерекшелігі негізіндегі мәдени деңгейі мен талғамы, түсінік-пайымы оны дұрыс иә, бұрыс жолға салатыны белгілі жағдай. 

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Еліктеуіш сөздерді пайдалана отырып , осы сәттегі табиғат құбылыстарын суреттеп шығарма жазындар. талаптар: 1) көлемі 100-110 сөз болсын 2)тілі көркем болсын
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Borg Fedak1162
vikapar2646
Gennadevna_Baidalina131
elena-kondyreva
com4047797
olimov9
Lugovoi
pavlino-mkr
assistant
egornostaeva
zaseche99
preida-2
gorsimonyan4
zinasekina4
PushkinaKurnosov984