info664
?>

Напишите эссе на тему "халық ауыз тілі". на казахском языке

Казахский язык

Ответы

alyonazharikowa4
Қыс Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.
terehin863

Менің сүйікті пәнім

Мен мектеп - гимназияның ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныпта оқимын. Ағылшын тілі - менің сүйікті пәнім. Себебі, шет тілін жетік меңгерген адам қашанда өз орнын тауып, жақсы жұмысқа орналаса алады. Сонымен қатар Елбасымыз айтқандай бәсекеге барынша қабілетті маман иесі бола алады.

Шет тілін оқып үйрену несімен қызық десеңіз, сол шетел тілін меңгере отырып, сен тіл үйренгенмен қатар сол елдің мәдениетін, тарихын, әдет ғұрыптарын да қоса меңгересін.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.

Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.

Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дұниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, қалай терең ойлап айтқан десеңші...!

Shevchenko

Менің арманым.. . .

     Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – журналист болу.

      Бала күндерімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсірдім, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым.  Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма айналды. 

   Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам.

     Мен де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді!

     Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Напишите эссе на тему "халық ауыз тілі". на казахском языке
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

beyound2006193
yurogov61
Вакуленко
Aleksandr768
vikola2008
evrotrastop64
jgaishun756
ski89439
skorykin123371
evoque2014
natasham-716
ПогальниковАлёна589
potapenkoon72
Vrpeshka
darialyagina