библиотека
материалов
А. Саттаров атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Баяндама:
Тақырыбы: «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз
Дайындаған: мектепалды даярлық
тобының жетекшісі
Искакова Наргиза Адилжановна
«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз»
Қазақстан - ұлан байтақ кең далам,
Қазақстан - өзіңе арнап ән салам.
Қазақстан - ортақ біздің үйіміз,
Отаным деп бар әлемге жар салам
«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.
1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні Қазақстан тәуелсіздігін әлемге жария етті. 1992 жылы ҚР – ның мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз. Бұл мемлекеттік рәміздер туған халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен бостандыққа қол жеткізгенін көрсетеді.
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда түрлі халық қол ұстасып, достық жырын жырлап, тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында : «Біз - көпұлтты қоғамбыз. Және де ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауға тиіс.
Мемлекетте бәрі де тең болуға тиіс. Этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы немесе жаман деген болмауға тиіс.Ешқандай этносқа ешқандай артықшылық болмайды және болмауға тиіс, барлығының құқықтары мен міндеттері бірдей.» деп атап көрсетті.
Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге үлгілі боларлықтай. Заманында қазақтың дархан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтижесінде қазақ жері бауырластар мекені, достықтың құтты ұясы атанды. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Ырыс алды – ынтымақ» дейді халық даналығы.
Сондықтанда қазіргі таңда Қазақстан бүкіл адам үшін дінаралық жөне ұлтаралық келісім салтанат құрған тату елдің жарқын үлгісіне айналып отыр.
Ұлы Абайдың «Азаматтың бәрін сүй бауырым» деп айтқан өсиетін, кемеңгер,ойшыл Пифагордың «Жердің жемісін жылына бір көрсек, достың жемісін күнде көреміз»деген даналық сөзін басшылыққа алған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз» дейді.
Тағдырдың талай соқпағынан өткен елімізге тәуелсіздік алғанына 25 жыл толады. Сан ұлттың мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел.Әрдайым осы бірлігімізден айырылмай, татулығымыздан танбай, жұбымызды жазбай, болашаққа бірге қадам баса берейік.
Біздің ортақ үйіміздің шаңырағы шайқалмасын. Ел тыныштығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін!
Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1.тура мағыналы сөз тіркесін көрсетіңіз. а) суық хабар. в) жұмсақ мінез. с) қатты сөз. д) ақ жүрек. е) қара шаш. 2. синонимдік қатарды анықтаңыз. а) жақсы, тәртіпті, тез. в)аңыз, әңгіме, өлең. с) қиын, оңай, орташа. д) тау, теңіз, көл. е) әдемі, көркем, сұлу. 3.антонимді табыңыз. а) дос -жолдас. в) ақ -қызыл. с)ата -әже д) бас -көз. е) биік аласа. 4. жуан дауысты дыбыстарды көрсетіңіз. а) ң, и. в) а, ы. с) е, ң д) у, ң. е) і, о. 5. тек ұяң дауыссыздар қатарын көрсетіңіз. а) б, в, р, в) д, ж, с, в. с) п, ғ, в, д) п, у, х, е) б, в, ғ, 6. тек ашық буыннан құралған сөзді табыңыз. а) ойбай. в) шағала. с) өзге д) қарағай. е) алтай 7. жалқы есімді табыңыз. а) , ұлдар. в) мұғалімдер, ұстаздар. с) оқушы, шәкірт. д) қыздар, бойжеткен. е) тоқтар әубәкіров. 8. бүгінге дейін сақталған көне қалаларды анықтаңыз. а) отырар, баршакент. в) фараб, құмкент. с) сауран, қашқар. д) түркістан, тараз. е) сайрам, тұран. 9. қыста жердің түсі қандай болатынын көрсетіңіз. а) әдемі. в) көк. с) қызық. д) суық. е) ақ. 10. буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз. а) құрмет. в) дәреже. с) байлық. д) үлкен. е) қарындас. 11.«тазалық» сөзіне түбірлес сөзді табыңыз. а) таразы в) тазалау. с) тарлау д) тазша. е) тазқара. 12. көмектес септігінде тұрған сан еімді табыңыз. а) екінің. в) екіде. с) екіден д) екіні. е) екімен. 13. туынды сын есімді анықтаңыз. а) атақты. в) қара. с) сұлу. д) кең. е) жуас. 14. сілтеу есімдігі бар сөз тіркесін көрсетіңіз. а) біздің үй. в) қай кезде. с) осы қала д) мен кезекшімін. е) бәрі бос. 15. негізгі етістікті анықтаңыз. а) көзде. в) сана. с) пайдалан. д) отыр. е) ақта. 16. қажетті жалғаулықты көрсетіңіз. күйтабақта құрманғазының тәттімбеттің күйлері жазылған.бұл а) және. в) бірақ. с) себебі д) егер. е) сондықтан. 17. көп нүктенің орнына қажетті сөйлем мүшесін қойыңыз. қалаға баруға болады. а) автобусқа. в) автобуспен. с) біздің д) алатау. е) . 18. жайылма сөйлемді табыңыз. а) жаз. шаңқай түс. в) мектепке бара жатырмын. с) мен мектепке ертең барамын. д) сен келші. е) ол келеді ме? 19. наурызда не тойланатынын көрсетіңіз. а) жылдың басы . в) жылдың ол аяғы. с) жылдың ортасы. д) жылдың қосылуы. е) жылдың кетуі. 20. қате жазылған сөзді анықтаңыз. а) алтау. в) оқыу. с) ойна. д) оқушы. е) халқы. 21. туынды сөзді табыңыз. а) еңбекші. в) еңбектен. с) еңбегің. д) еңбекті. е) еңбекпен. 22. есептік сан есімді табыңыз. а) төртінші. в) сегізінші. с) он. д) үш -үштен. е) алтау. 23.«бірақ, дегенмен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз. а) ыңғайлас салалас құрмалас. в) түсіндірмелі салалас құрмалас. с) қарсылықты салалас құрмалас. д) кезектес салалс құрмалас. е) себеп – салдар салалас құрмалас. 24. қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз. а) осының бәрін, әрине, жалғыз істей алмайды. в) әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. с) дәмелі, бақшаға барайық, - деді рахмет. д) менің айтып отырғаным, сіздіңше дұрыс емес. е) бәріміз, шынында, жас едік. 25. жекіру одағайын анықтаңыз. а) алақай. в) бәрекелді. с) шіркін. д) пай - пай. е) тәйт.
Жауаптары суретте берілген: