Абай Құнанбайұлын зерттеуші ғалымдардың оны "халық ұстазы" деп тануы бекерден-бекер емес,деп ойлаймын.Шынында,ақынның шығармашылық мұралары - халықтың рухани қазынасы,тәлім-тәрбие өзегі.Ақын бар ойын ел болашағы жастарға арнаған еді.Негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «толық адам» етіп тәрбиелеуді мақсат тұтты.Көпшілігіміз білетін:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,-деген жолдарының өзінде-ақ оқу-білімге ынтығу керектігі айтылады.Абайдың шығармаларында жастарды оқу-білімге шақыру қазір де өзекті,тіпті қай уақытта да өзектілігін жоғалтпайды деп білемін.Ия,қазіргі таңда сол кездегідей халық надан емес.Алайда,бір күнін босқа өткізіп жатырған жастар жетерлік.Ондай жандарға ақынның:
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан,-деп үгіт жасағың келеді.Сонымен қатар,өзін түгелімен ғылымға арнап, бірнеше тіл біліп,елімізде ғана емес,шет елде белгілі боп жүрген жас өрендер де жоқ емес.Соларға қарап өзің де бір марқайып қаласың.Білімді жастар саны көбейе берсін дегім келеді.
Патшаның қазақ даласындағы 31 мен 19 жастағы ер азаматтарды тыл жұмысына тарту туралы жарлығы қарапайым халыққа төбелеріне жай түскендей әсер етті. Верныйдан келген бұйрықтың зілді болғаны сонша, халық суық хабарды естігелі күндіз ұйқыдан, түнде күлкіден айырылып, еңіреп, жылаумен болды. Сонда кемпір, шалдар қырсаң да баламызды бермейміз деп, приставқа қарсы шығады. Ер азаматтар да патша жарлығына көнбейтіндерін айтқанда, пристав қарсы шыққандарды есінде сақтап, қағазға жазып алады да, оларды күшпен алып кету үшін қазақ даласына солдаттарын жібереді. Ол күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз, ораза кезі болатын.
Ал бастарына күн туған қара халық Қарғалы өзенінің бойын паналап, оразасын судың жағасында ашуға мәжбүр болады. Бірақ, басшылары тағат алмаған соң, өзен бойына жиылған жұрт дағдарып, жанталаса бастады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Адам құлағынан семірер.Екі кісі ығысса,
Бір кісілік орын бар.Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.Бұрынғының кісісі —
Бүгінгінің кішісі.Ағаш көркі — жапырақ,
Адам көркі — шүберек.Кісі аты тершіл,
Кісі киімі кіршіл.Кісідегінің
Кілті аспанда.Кісі қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.Адам құлақтан азады,
Қаңқудан тозады.Әлсіз адам — сүріншек,
Ақылсыз адам — еріншек.Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.Жақсы адам — елдің көркі,
Жауқазын гүл — жердің көркі.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.Көкірегі жел адам — өр кеуде,
Көкірегі көр адам — жай пенде.Адамның сырты — алдамшы.Адам қайғысы — заман қайғысы.Бір адам — самал,
Екі адам — амал,
Үш адам — жамал,
Төрт адам— қамал.Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің құлпы түзелмейді.Желауыз адамға, сыр айтпа,
Жебір ауыз адамға, мұң тайпа.Асауды бас білдіретін жігіт бар.
Адамды аздырмайтын үміт бар.Адамға адам жат емес.Адам ойға тоймас,
Бөрі қойға тоймас.Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жер - соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады.Адам қайғысы - заман қайғысы.Адам бір-біріне қонақ.
Ас – адамның арқауы.Аштық ас талғатпайды.Өзi тойса да көзi тоймайды.Сыйлап берген су да тәттi.Тату үйдiң тамағы тәттi.Ат адамның қанаты,
Ас адамның қуаты.Ықыласпен берген су да ас.Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.Қарны ашқан қазанға қарар.Ер азығы мен бөрi азығы жолда.Жарты құрсақ пайда,
Бүтiн құрсақ қайда.Қарны ашқанға қара нан да май татыр,
Шөлдегенге қара су да бал татыр.Дастарқанда наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.Жұмыс ауыр болса да нан тәттi.Нан болса, ән де болады.Нан – тамақтың атасы.Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.Егінші нанын жейді, еріншек арын жейді.Жақсы еңбектенсең – ауызың нанға тиеді,
Ерiнiп еңбектенсең – ауызың тасқа тиеді.Өле жегенше, бөле же.