sindika
?>

Мне нужно 5 предложений на тему что я делаю в свободное время на казахском. в основном я читаю книги, занимаюсь уроками и играю в компьютерные игры. !

Казахский язык

Ответы

gri-7410
Мен бос уақытымды тиімді өткізуге тырысамын. Ең алдымен сабақ оқып, үй жұмысын орындаймын. Қолым босаса, түрлі əдеби кітаптар оқып, сөздік қорымды байытамын. Содан кейін ой сергіту үшін аз уақыт болса да, компьютерлік ойындар ойнаймын. Бос уақытты тиімді пайдалану - өте маңызды
marat-dzhanibekov

Цирк

Цирк дегеніміз - сахналық - эстрадалық өнердің бір түрі. Көбінесе, цирк дегенімізде көбіміздің көз алдымызға сайқымазықтар (клоундар)  елестейді. Дегенмен, циркте тек қана сайқымазақтар өнер көрсетпейді бұл жерде қаншама өнер иелері түрлі сахналық көріністер қояды. Мысалға алар болсақ, әуеде қалқыған акробаттар, пантомима жанрындағы әртістер, мың бұралған гимнасттар, түрлі фокус көрсететін сиқыршылар, жонглерлік өнер иелері, шабандоздар және т.б. Көбінесе цирктегі қойылымдар түрлі трюктерге негізделеді.

Біздің қаламызда цирк бар. Цирк қойылымдарын өткізбей, отбасымызбен бірге барып тамашалағанды ұнатамыз. Әсіресе, маған әуеде қалқыған акробаттар мен сиқыршылардың өнері ерекше ұнайды. Жуырда балалар күніне орай жаңа сахналық көрініс әзірленуде. Соны асыға күтудемін.

ИгоревичАндрей

Бауырсақ дайындау.

Бауырсақ – қазақ халқының ұннан дайындалатын ұлттық тағамының бірі. Бауырсақсыз кез – келген мерекелік отырысты, той – думанды елестету мүмкін емес. Әрбір отбасының өзіндік бауырсақ дайындау ерекшеліктері болады. Мысалы, анам әдетте бауырсаққа сүт қосып жасайды, сонымен қатар айран тұрып қалса, қамырға айранды қосып та істей береді. Ал әжем болса, бауырсақты тоң майға қуырады.

Сонымен, анамның бауырсақ істеу тәсілімен бөлісейін.

Қажетті заттар:

Бір кесе жылы су

Жарты кесе сүт

Ашытқы (көз мөлшерімен) бір шай қасықтай

Бір жұмыртқа

Екі ас қасық сұйық май

Қант екі ас қасық

Тұз қалауыңызша

Ұн керегінше

Дайындалуы:

Анам алдымен ұннан басқа құрғақ заттарды араластырып алады. Одан кейін жылы су мен сүтті, сұйық майды араластырып, жұмыртқа қосады. Үстінен араласқан құрғақ заттарды қосып, жақсылап араластырады. Одан кейін керегінше ұн қосып, қамыр басады. Дайын болған соң терең ыдыстың түбіне май жағып, қамырды салып, бетін жабады да, жылы жерге бір – екі сағатқа қояды. Қамыр көтерілгеннен кейін, екі бөлікке бөліп, әрқайсысын қатты жұқа қылмай илеп, ромб тәріздес кеседі. Май қызғанша кесілген бауырсақтарды орамалдың астына қояды. Май қызғаннан кейін бауырсақтарды екі жағынан қуырады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мне нужно 5 предложений на тему что я делаю в свободное время на казахском. в основном я читаю книги, занимаюсь уроками и играю в компьютерные игры. !
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Лусине_Ильенков134
Шиловский126
Любовь-Волков1205
inna-zub
arnika-ooo1
shutovaa3471
DzukaevAlekseevich
Deniskotvitsky6422
Новицкий1107
Zolotnik974620
ivanov568
zagadka27
egorstebenev6
mail66
peresvetoff100015