Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туғанқала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туғанкөшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
iracaenko153
13.08.2022
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
nailya-abdulova25
13.08.2022
,,Денсаулық зор байлық ,,-деген мақал бар.Расында да әр адам үшін-денсаулық зор байлық.Әр адам денсаулығы мықты болу жолдарын қарастыру керек.Адамның денсаулығына жақын достар--тазалық ,спорт, таза ауа дұрыс тамақтану ,күн тәртібі, еңбек.Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды.Денсаулығың мықты болу үшін көбінесе көкөністер ,жеміс -жидектер жеу керек..Олардың құрамында көп пайдалы дәрумендер бар.Әрине ет, балық сүт тағамдардың орны бөлек -бұл тағамдар денсаулық үшін маңызы зор.Дені сау адамның көңіл күйі көтерінкі болады ,ол жағсы еңбек етеді.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Можете написать сочинение на тему тyған жер-туғырын