Ainura Pokhomova
?>

Написать сочинение про кумыс на казахском

Казахский язык

Ответы

albina6580
Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес,сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған. Емдік сусын ретінде қымызды өзіміздің ата-бабаларымыз халық медицинасында асқазан, өкпе, ішек ауруларына пайдаланып келген. Қазақ елімен қоса көрші қырғыз елі, татарлар, башқұрт елінде де емдік қасиеттерге қолданған. Қымызбен емдеу әдісін уағыздаушылардың бірі В.И.Даив 1843 жылдары Орынбор қаласында әскери қызметте жүріп қымыздың шөл қандырар сусын екенін құрқұлақ ауруының алдын алу қасиеті туралы нақты шешімін дәрумендердің ашылуынан бұрын батыл мәлімдеген болатын. XVIII ғасырдың ортасында Самара қаласында алғаш рет қымызбен емдеу шипажайы ашылды. Осы ғасырдың 73 жылдарында Н.В.Постников ғылыми түрде қымыз сусынының адам ағзасына пайдалы екенін, адамның өз жасынан жас көрінуіне және салмақ қосуына ықпал ететінін дәлелдеді. Қымыздың әсерінен асқазан сөлінің бөлінуі жақсарады, тәбеті артады, астың қорытылуы жүйесі жақсы жұмыс істейді. Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек ауруларына және де ішек-қарын, жүрек, қантамырлары ауруларын емдегенде, сондай-ақ дәрумендер жетіспегенде қолданып жүр. Жаз айлары қымыздың көбейіп, арзандайтын кезі. Осы кездері ағзаларыңызға молырақ дәрумендер жинап, денсаулықтарыңызды жақсартып алыңыздар.

Толығырақ: http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/3510/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
АнатольевичМиронова885
Нан [1]– ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Дәстүрлі қазақ қоғамрында нан пісірілуіне, қо арай әр түрлі аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан, отқа көміп пісірілгендерін күлше, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтір, қазанға пісірілгенін қарыма, майға пісірілгенін бауырсақ, жайма деп аталады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті деп санайды. Алайда нан ұннан , судан жасалады .Нанға тұзды да қосады , тұздан басқа нанға ашытқылар (дрожи) қосады , олар өз кезегінде нанды пешке салу үшін қабығын қалындатып көтереді.
olgavbaranova
Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Тойға немесе қонақ асыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктенгенде 13 мүшеге бөлінеді. Олар жамбас - 2, ортан жілік – 2, асықты жілік – 2, беломыртқа – 1, сүбе – 2 (сүбемен бірге бүйректен жоғарғы 5 қабырға кетеді), қабырға -2, төс – 1, омыртқа -1, жауырын -2, тоқпан жілік – 2, кәрі жілік – 2, бұғана – 1, мойын – Осылай асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Написать сочинение про кумыс на казахском
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

kifstd
myrisik2490
sport2293032
mlf26
morsh9345
ElenaEgorova1988576
mail9
bryzgalovag
Karlova1507
yulyaderesh
dentob72
P7Y7V7
Качкова1820
Alisa1639
ВитальевичЕвгеньевич346