Аққулар ұйықтағанда.Мұқағали Мұқатаев.
Поэмада аққуын жоғалтқан Жетім көл суреттеледі.Баласы өлім қәлінде жатқан ана шарасыздықтан Жетім көлге келіп аққуды атпақ болады.Ақын тамсандырып атқан таңды, сайраған бұлбұл үнін,көл бетінде тербетіліп ұйықтаған аққуларды өте әсерлі суреттеген.Тұмсығын мамығына тығып, ұйықтаған тәкәппар аққу құсқа айдын төсек,аспан көрпе болып бүкіл табиғат көлге табынғандай көрініс келеді көз алдыңа.Ағарып атқан ақ таңда аққуда,айдында ақ нұрға бөленгендей әсер қалдырады.Аппақ таңмен оянған аппақ аққулар аққу мойындарын бұрып күнге қарап таранып сыланғаны қандай ғажап.Жаны,ары сұлу аққу құс мамығын тұмсығымен тарап,сәнденіп,суға сүңгіп шомылғаны тамсантады.Ақын сұлулықтың асқақ бейнесін суреттегенде көз алдыңа айдында сыңарымен жүрген сұлуда кербез аққулар елестейді.Халқымыз аппақ аққуды сұлулық пен махаббат символы ретінде біледі.Ару қызды аппақ аққуға теңейді.Поэмада аппақ аққу арқылы сұлулықтың асқақ бинесін көрсете білген.Көл айдыны сұлуда кербез аққу құссыз жетім,көл аққусыз қалмасын.
Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы.
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтып келеді. Ол – Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққанОлимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол – Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011,
2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Әрине, спортшылар тізімі осымен шектелмейді, бірақ өзім осы тұлғаларды ерекше мақтан тұтамын. Ал сенің сүйікті спортшыларың кім?
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ы.алтынсарин ангимелерин тәрбиелік мәні