Жеміс – жидек пен көкөкністің адам ағзасына пайдасы.
Үнемі жеміс – жидек пен көкөністерді тағамға пайдалану адам өмірін ұзартып, ағзаға оң әсер етеді. Әр жеміс – жидек пен көкөністің құрамында өзіндік ерекше табиғи дәрумендері болады. Пісу маусымына байланысты жылдың әр мезгілінде жеміс – жидек пен көкөністі үстеліңізден үзбей қолданған абзал, әсіресе, маусым арасында мұндай табиғи дәрумендердің маңызы арта түседі.
Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне сүйенер болсақ, кейбір көкөністер мен жемістер кей аурулардың алдын алуға да септігін тигізеді. Мысалы, жасыл және сары түсті көкөністер: саумалдық, бұрыш және де шаршыгүлді өсімдіктерді, оның ішінде түсті қырыққабатты пайдалану қатерлі ісіктің алдын алуға үлкен септігін тигізеді. Ал жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алу үшін алма, алмұрт, цитрусты жемістерді көптеп пайдаланып, крестгүлді өсімдіктерден түрлі салаттарды дайындап жеген пайдалы. Сонымен қатар, көкөніс пен жемістерді күнделікті пайдалану ағзадағы холестерин деңгейін төмендетіп, қан қысымын қалыпты нормада ұстап, қан айналым жүйелерін ретке келтіріп және де иммундық жүйені жақсартуға ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кем дегенде тәулігіне бес мәрте (400 грамм шамасында) кез-келген, тіпті мұздатылған, көкөніс пен жемістерді қабылдауға кеңес береді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Диалог на казахском языке про время перевод на казахский - - -во сколько ты встаешь? - я встаю в 8: 00, а ты ? - а я встаю в 10: 00 -что ты потом делаешь? - я потом иду кушать - во сколько? - я иду кушать в 10: 20 - а я иду в 8: 10 -хорошо - что ты потом делаешь? - я иду в школу , потом после школы иду домой, кушаю, делаю работу, пью чай и ложусь спать -хорошо, ладно пока -пока
-Сәлем.
-Сен таңертең нешеде оянасың?
-Мен сағат 8:00 де оянамын, сенше?
-Ал мен сағат 10:00-да.
-Сен одан кейін не істейсің ?
-Мен одан кейін тамақтануға барамын.
-Нешеде?
-Мен тамақтануға 10:20-да барамын.
- Ал мен 8:10-да барамын.
-жақсы.
-Сосын не істейсің ?
-Мен мектепке барамын , сосын үйге келемін,тамақтанамын,үй тапсырмасын орындаймын,шай ішемін және ұйқыға жатамын.
-жақсы, онда сау бол!
- сау бол.