mary---jane49
?>

Составьте диалог на казахском на тему"мое путешествие"( как можно быстрее)

Казахский язык

Ответы

shtankosoyuz1629

Саяхат туралы диалог.

- Оқу жылының аяқталуына да бірер күн қалды. Бекболат, сен жазғы демалыста не істейсің?

- Биылғы жылғы жазғы демалысты тағатсыздана күтіп жүрмін, себебі ата – анам туған күніме арнайы ағылшын тілін үйрену үшін Лондонға жолдама сыйлаған болатын.

- Не деген керемет сыйлық! Сен үшін өте қуаныштымын! Қашан жол жүрмексің?

- Маусымның бірінде жолға шығамын.

- Жалғыз өзің шетелге шығуға қорықпайсың ба?

- Жоқ, қорықпаймын, себебі мен жалғыз бармаймын, ағылшын тілін шыңдау мақсатымен қаламыздағы басқа мектеп оқушылары да менімен бір топта болады.

- Е, онда жақсы екен. Аман – есен барып келуіңе және біліміңді шыңдап келуге тілектеспін.

- Көп рахмет, Мәди. Бар ынта – жігерімді осы оқуға арнаймын ғой, себебі мен өз болашағымды шет тілдерімен байланыстырамын.

- Жақсы, көріскенше! Саяхатың жақсы өтсін!

- Рахмет, сау бол!

Vladimirovna-Ignatenko1890

Жаз күндері табиғат әсем күйге енеді.Айнала ағаштар жасыл жапыраққа оранған,көлеңкесі саялы.Әсел отбасымен саябаққа бара жатыр.Саябақ жолдың арғы бетінде болғандықтан Әсел отбасымен бағдаршамның қасына тоқтады.Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда жаяу жүргіншілер өткелімен Әсел отбасымен бірге өтті.Анасы мен әкесі оған жол ережесі туралы айтып берді.Ағасы кез-келген жермен көліктер жүріп жатқанда өтуге болмайтынын түсіндірді.Әсел саябаққа бара жатып жол ережесі туралы отбасынан ақпарат алды.Балалар жол ережесін біле жүріңіздер.

Bella Sergei

Ақ бидай ертегісі.

Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетiмен өседi екен. Бiр жылы қатты қуаңшылық

болады. Күннiң оттай ыстық аптабынан, ылғалдың тапшылығынан өсiмдiк бiткен сұмдық

тарығады. Сол бiр кезде тiршiлiк үшiн жанталасқан өсiмдiк атаулы Ақ бидайды жан-

жағынан қаумалай, тұс-тұсынан алқымға ала бастайды. Тамыры мықтылары Бидай өсiп

тұрған жердiң астындағы суды тартып алады. Оның маңындағы қорегiн жырып әкетiп

жатады. Кейбiр бойшаң бұталар күннiң көзiне қасақана тұрып алып, жарық түсiрмей

бағады. Сөйтiп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды.

Ақырында, өлер халге жетедi. Сосын ол олай-былай жүгiрiп, жортып өткен әр қилы

аңдардан жәрдем сұрайды. Үстiнен әрлi-берлi қалықтап ұшып өткен үл-кен-кiшi құстарға

да жалбарынады. Бiрақ оның өтiнi-шiне, мұң-зарына ешқайсысы құлақ аса қоймайды.

Ендi өлдiм ғой деген сәтте Ақ бидайға садақ асын-ған, қолында найзасы бар, аң

аулап жүрген Адам кезi-гедi. Бидай байқұс көзiнiң жасын төгiп тұрып, Адамға мұңын

шағады, мүшкiл халiн бастан-аяқ баяндап бередi.

Адам бiраз ойланып тұрып, ақырында, Бидайдың өтiнiшiн қабыл алады. Садағын

жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, бiлегiн сыбанып жiберiп, бiрден iске

кiрiседi. Ақ бидайдың айналасындағы жауыз шөптердiң бәрiн қолымен жұлып отап, тып-

типыл қылады. Олардың бидайға ауыз салып жатқан арам тамырларын найзасының

ұшымен қопарып тастайды. Сосын бiраз жердегi ағып жатқан бұлаққа барып, тақиясын

толтырып су әкеледi. Әлсiреп қалған Ақ бидай мөлдiр суға қанып, өзiнiң көзiн құртқалы

тұс-тұсынан анталап келiп калған жа-уынан құтылғаннан кейiн бой түзеп, құлпырып сала

бередi.

Адам да ауық-ауық келiп-кетiп, Ақ бидайға қамқор болып жүредi. Қаскөй шөптер

мен тiкендердi. Бидайдың маңына жолатпай, мезгiл-мезгiл суарып тұрады.

Содан күзге салым Бидай сарғайып пiседi. Баданадай бар дәнiн, бiр түйiрiн шашау

шығармай Адамға тарту етедi.

Адам сыйға алған дәнiн бiр күз, бiр қыс сақтайды. Көктем шыққаннан кейiн ақылы

мен бiлiгiнiң арқасында үйшiгiнiң алдындағы тегiстеу жердi қопсытып, соған әлгi

дәндердi сеуiп тастайды. Жаз бойы арам шөптердi жұлып, уағында суарады, баптап

тұрады. Ақырында, еңбегi зая кетпей, күзде Адам дән сепкен жерiнен бiр дорба бидай

алады. Келесi жылы – бiр қап, сосын – он қап, сөйте-сөйте – мың қап, қойшы, бара-бара

а жететiндей бидайды әлденеше еселеп, миллион қап етiп алатын болады.

Адам мен Ақ бидайдың ажырамас достастығы есте жоқ ерте заманда осылай

басталған екен.

поставь лайк я 3 часа это всё делала

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Составьте диалог на казахском на тему"мое путешествие"( как можно быстрее)
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

alyonazharikowa4
e3913269
Исмагилова_Саният
Bulanova
Orestov563
Gatina
annaar497
lukanaft
nsh25044
murin
hobpack
kulttrop
Grigorev_Nikita794
смирнов1127
masum-2011687