Я ОЧЕНЬ ДАВНО ЧИТАЛА ЭТУ ПОЭМУ) ПОЭТОМУ ПОТЯНЕТ ЛИ ЭТО НА 2 СТРАНИЦЫ, НЕ ЗНАЮ...НО ВСЕ ЖЕ НАДЕЮСЬ, ЧТО ЭТО ВАМ ХОТЬ КАК-ТО
У Д А Ч И )
1) Поэма - өлеңді повесть, өмірде болған не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желелі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттелген шығарма. Поэмада үнемі лирикалық кейіпкер болады.
2) Поэманың негізгі мәні - мәңгілік махаббат. Киелі құстардың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындығы туралы айтылады. Ақын адал махаббатты мадақтайды, сонымен қатар табиғаттағы гармонияны бұзудың орны толмас трагедияға апарып соғатынын көрсетеді.
3) Менің ойымша, ақын табиғаттың көрінісін әсерлі бейнелейді, кейде тіпті көз алдына елестетіп, сол поэманың ішінде өзіңді не кейіпкер, не жай ғана бақылаушы ретінде сезіне бастайсың. Поэмадағы суреттелген шынайы мәңгілік махаббаттың сиволы ретінде - киелі құстардың бейнесі алынған. Аққулардың келуімен көл бетінің тіршілігі күрт өзгеретіндігін байқаймыз. Маған әсіресе аққудың мергенге зар жылаған жері ұнады. Өйткені сол кезде аққудың қаншалықты қайғырып тұрғанын ақын соншалықты күшті жеткізді.
ТҮЙЕ
Қазақ халқы – күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Әсіресе түйе малын ерекше бағалаған.
Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы – түйе. Көшіп-қону үшін жылқыдан да артық бағаланған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік түйе ғой», «Нары бардың малы бар», «Тамырыңнан түйе сұра, қорыққаннан бие берер», «Көтерем деп түйеден безбе, салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды түлік болғанын анықтай түседі. Түйенің жүні мен терісі – киім, сүті – сусын, еті – ас. Әсіресе, түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, әсіресе шөлге, аштыққа шыдамды. Түйе алпыс күн аштыққа, отыз күн шөлге шыдайды. Осынша шыдамдылығына, қуаттылығына қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын, «айт-шу» десең, атып тұратын «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сочинение на тему "дәрігер - жауапты мамандық"