Sharmel26
?>

Сочинение на казахском с переводом, на тему независимый казахстан.

Казахский язык

Ответы

aninepp

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында жариялаған болатын, міне содан бері 27 жылдың жүзі өтіпті. Осы уақыт ішінде Қазақстан әлем картасында өзіндік орны бар мемлекет ретінде таныла білді.

Бір шаңырақ астында қаншама ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатыр. Бейбіт өмір пен ұлтаралық келісім Қазақстанның абыройына айналды.

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде қаншама ұйымдар, зауыттар мен мекемелер бой алды. Қазақстан біршама елдермен келіссөз жүргізіп, шетелдік компаниялардың бөлімшелері, тіпті шетелдік оқу орындарының филиалдары ашылды. Бас қаламыз Астана да көркейіп, жыл өткен сайын көркейіп, дамып келеді.

Мен осындай тәуелсіз елдің ұланы болғанымды мақтан етемін.

shoko91

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 66 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.

Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және көп басқалар. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.

Объяснение:

Yekaterina358

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

Сексен көл Көкшетаудын саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында.

Ауасы дертке дауа, жұпар иісті

Көкірек канша жұтса, тоясың ба?

Ырғалған көкке бойлап қарағайы,

Қасында көк желекті әппақ қайың,

Жібектей желмен шарпып төңіректі,

Балқытып мас қылады иіс майы.

Қарағай биік шыңды қиялаған.

Еш адам оны барып қия алмаған, -

Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып,

Жалғыз-ақ көк қаршыға ұялаған.

Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,

Басына атсаң-дағы оғың жетпес.

Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан,

Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.

Сары алтын Көкшетаудың ерте-кеші,

Тау мен күн сүйіскендей еркелесіп,

Суретті шежіресі өткен күннің,

Сілекей ағызады ертегісі.

Талай сыр ертегіні ел айтады,

Ызындап таудан соққан жел айтады.

Сырласып сыбырласқан жапырақтар,

Күндіз-түн күңіренген көл айтады.

Толғанып төмен қарап шал айтады,

Тамсанып-таңырқанып бала айтады.

Тау-тасты тұнжыраған куә қылып,

От басы қатын-қалаш - бәрі айтады.

Ертегі болмаса да хатта қалған,

Аузында шежіренің қартта қалған.

Қарттардың баян қылған

әңгімесін

Есіткен кейінгілер жаттап алған.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинение на казахском с переводом, на тему независимый казахстан.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

IrinaSolodukhina1495
prettymarina2015
Chervonnaya-Aleksei
Хрулёва
arbekova
many858
evge-borisova2
shpakohat
latoyan817
evgeniipetrosov
Игорь Андрей
Larya
andrewa
vps1050
ЧумичеваГеннадьевна1827