Сергеевич1386
?>

Написать 2 загадки на казахском про ойыншык

Казахский язык

Ответы

mishanay301csfp
Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ)

Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды. (доп)
romka1210
Табиғат – бәрiмiздiң  ортақ  үйiмiз. Қазiргi кезде табиғат бiзден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың, қаламыздың экологиялық жағда­йын сауықтыру үшiн жердi дұрыс пайдаланып, жасыл желек өсiмдiктердi молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза күйiнде болашақ ұрпаққа  табыс ету – бiздiң парызымыз.Елiмiздiң экологиялық жағдайын қалыпты ұстап, табиғат байлығын сақтау және оны молайту тек бүгiнгi күннiң қажеттiлiгiнен туындамайды, ол ертеңгi күннiң проблемаларына да жауап бередi. Қоршаған ортаның қазiргiдей ауыр жағдайында елiмiздiң келешек иелерiнiң экологиялық сауатын көтеру – бүгiнгi күннiң кезек күт­тiрмейтiн мәселелерiнiң бiрi.Қазақстанның басты байлығы ол денi сау – бала. Экологиясы бұзылып ауасы ластанған елде денi сау бала дүниеге келе ме? Денi сау баласыз, бiздiң болашағымыз қалай болмақ?   Қайың болып өмiр сүргiсi келген ақынның қазiргi ауылындағы қайыңдар аллеясы яғни “Мұқағали саябағы” бой кө­терген. Онда қайыңдар кө­шетi отырғызылып болашақта мәуелi ағаш болып жайқалып, саясында келер ұрпақ таза ауамен тыныстап дем алуға болады. Жас қайыңдарды да ауыл жұрты өздерi отырғызды. Ақынның өзi жоқ болса да ұрпағына қалдырған қазынасы, оны бiз ақынның көзiндей көрiп сақтаймыз.
victors

Мақсат - жетістіктің желкені.

"Талапты бала талпынған құстай" демекші, мен де әрдайым алға қойған мақсатыма жетуге тырысамын. Маған ешқандай тосқауыл кедергі бола алмайды. Ақырында, көздеген мақсатыма жету үшін тынбай еңбектенемін. Бір айта кететіні, ата - анам үнемі менің бастамаларыма қолдау көрсетіп, құптап отырады. Бұл үлкен сенімді мен де ақтауға тырысамын. Болашақ өміріме қажет болар деп, сабақтан бос уақытта Оқушылар сарайындағы түрлі үйірмелерге қатысып, өз қабілетім мен ерекшеліктерімді сынап көремін. Бірі болмаса екіншісі іске асар деген үмітпен үнемі қозғалыс үстінде боламын. Көп балалардың арман баспалдағы осы жерден, яғни Оқушылар сарайынан бастау алады. Ертеңіне ерінбей қарайтын талапты жастарды жігерлендіріп, ұшқыр қиялын қияға ұшырып, қанаттандырады.

Бүгінгі таңда XXIғасырдың балалары ғылым мен техниканың дамыған заманында өмір сүріп жатқандықтан, оларға барлық мүмкіндіктер жасалған деп ойлаймын.

Әжемнің айтқан әңгімелерін тыңдасам, бұрынғы кезде суды да тасып, отын жағып, телефонмен қоңырау шалу үшін аудандағы поштаға барып, хабарласатын болған.

Ал қазір ше? Заман өзгеру үстінде. Кіммен сөйлесем десеңіз де, үйде сымды телефон, қолыңызда ұялы телефон, жер шарының кез келген жеріне телефон шалу мүмкіндігі бар. Интернеттің дамуы арқасында бұрын – соңды ойламаған жерлермен видео байланыс орнатып, кез – келген университеттің оқытушыларының дәрістерін тыңдап, ірі мұражайларды онлайн режимінде де аралауға болады. Сабаққа қажетті материалдарды да осы Интернет арқылы тауып, мультифункционалды құрылғылар арқылы шығарып алуға болады. Ал бұрын ойлап көріңізші, қағаздың барлығын қолмен жазып, кітапты тек кітапханада дәстүрлі түрде оқуға болатын. Қазір болса, кітапты да электронды түрде жүктеп алып, ыңғайлы кезде оқи аласыз. Шет тілдерін меңгеру үшін шетелде тұратын дос тауып, сөйлесуге де болады. Тіпті шетелдік іргелі оқу орындарының емтихандарын үйде отырып, ғаламтор арқылы тапсыруға болады. Қазір өмір әлдеқайда жеңіл деп есептеймін.

Сондықтан осындай үлкен мүмкіндіктерді пайдаланып, болашақта Қазақстанның беделді азаматы болуым үшін талаптанып, алға ұмтылайық!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Написать 2 загадки на казахском про ойыншык
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

artem-whitenoise142
Vladimirovna Viktorovna
Antonov-Elena
nmakarchuk
nanasergevn
s-shulga
Sazhina1356
medvik
pifpaf85
Taniagrachev
alisapavlushina
I.B.Petrishchev
motor2218
Deniskotvitsky6422
X2755070