Қазақстанның қызыл кітабы Республикамыздағы жойылып кеткен немесе жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар тізімін қамтитын кітап, әрі құжат. Ең алғаш 1978 жылы басылып шығарылды. Кейін бірнеше рет қайта басылып шықты.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабі омырқалылардың жүз жиырма сегіз түрін, балықтардың он сегіз түрін, қосмекенділердің үш, бауырмен жорғалаушылардың он түрін қамтиды. Қызыл кітапқа енген құстар саны алпысқа жуық, ал сүтқоректілердің қырық түрі енгізілген.
Табиғатты аялау.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу – бағзы заманнан бергі ата салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Талай ақын жыршы ағаларымыз табиғатты өлең жырларына арқау етіп, жырлап өткен. Солардың біреуімен өз ойымды тәмамдағым келеді:
Табиғатта сезім де, құлақ та бар,
Ренжітсең қайғырып жылап та алар.
Аяласаң жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат тамар. - демек, менің құрметті құрдастарым, табиғатты аялайық! Қолымыздан келгенше келер ұрпаққа табиғаттың әсемдігін сақтап қалайық!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Слово , , айголек , , тауелдеу и септеу.
Менің айгөлегім
сенің айгөлегің
сіздің айгөлегіңіз
оның айгөлегі
септеу
Атау с Айгөлек
Ілік с Айгөлектің
Барыс с Айгөлекке
Табыс с Айгөлекті
Жатыс с Айгөлекте
Шығыс с Айгөлектен
Көмектес с Айгөлекпен