Отбасы өмірдегі баға жетпес байлық. Ал отбасыңмен бір дастарқанда отырып ас ішу үлкен бақыт. Сол дастарқанда ас ішіп қана қоймай күнделікті жұмыс, іс- сапарға шығу, мектептегі балалар жиналысы т.б маңызы бар жұмыстар талқыланады. Отбасының ең басты кейіпкері отағасы мен отанасы. Отбасының ұйытқысы және дастарқанды жайнатып ас беретін осы отанасы. Ертеректе аталарымыз дастаоқан үстінен мәселелерді шешуші болған. Дастарқаннан дәмді ең алдымен үлкендерден бастап тататын, сонан кейінгілер өз ретімен жалғастырады. Қазақ үшін дастарқаннан ең бірінші нан кетпеуі керек.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Табигат аясында шылауларды катыстырып ангиме куру
Табиғат аясында.
Көптен күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Айдана достарымен келісіп күн батқанға дейін табиғат аясында демалып қайтқалы жатыр. Қыздар жағы үйден керек ыдыс-аяқтар, небір дәмді әрі жеңіл тағамдарды дайындап алып келеміз деді. Ал ұлдар жағы болса шатыр құруды, от жағуды өз мойындарына алды. Ертесіне достар бірігіп Айдананың үйінің алдына жиналып, сол жерден ауылға жақын жердегі тоғайға жол тартты. Ол жер көлеңке және жақын маңда өзен де бар. Ыңғайлы орын таңдап алып, қыздар алаша жайып тамақ дайындауға кірісті, ұлдар көлеңке болатын шатыр құрды. Тамақтанып алған соң барлығы өзенге келді. Бір тобы суға түспейміз деп жағада қалып әңгіме-дүкен құрып, енді бірі суға сүңгіп мәре-сәре боп жүр. Күн батуға таянғанда достар жинала бастады. Жаққан оттарын сөндіріп, одан соң орнын көмді. Қоқыстарын да тастамай, жинап алып кетті. Айдана және оның достары осылайша бастары қосылса таза ауада, табиғат аясында жүргенді ұнатады. Үйде қамалмай, туған жердің табиғатына тамсанып, рақаттанғанға не жетсін!