«Дүкенде» шағын әңгіме.
Қазіргі таңда дүкеннен кез – келген тауарды сатып алуға болады. Кішігірім дүкендер ет дүкені, көкөніс дүкені, азық – түлік дүкені, жуғыш заттар дүкені, балалар дүкені т.б. болып бөлінсе, сонымен қатар үлкен супермаркеттерде осы аталған заттардың барлығы бір жерде түрлі бөлімдерге бөлінген.
Мен анаммен дүкенге барғанды ұнатамын. Біз көбінесе тәулік бойы жұмыс істейтін «Магнум» супермаркеттер желісінен үйге керекті азық – түлік пен басқа да қажетті заттарды бір жерден сатып аламыз. Әдетте, анам керекті заттар тізімін жазып, өзімен бірге алып жүреді. Мен, әсіресе, көкөніс пен жеміс – жидек бөлімінде сауда жасағанды ұнатамын – бұл жерде әрбір сатып алушы өзіне керегінше көкөністерді таңдап, өзі таразыға салып өлшеп, бағасын жапсырады. Анам маған бұл бөлімде заттарды таразыға салып өлшеп, электронды таразының батырмасын өзіме басуға рұқсат береді. Осылайша картопты өлшеп тұрғанда, бір әжейдің қиналып, таразының қай жерін басатынын білмей тұрғанын байқадым. Дереу әжейдің қасына келіп, таңдаған затып өлшеп, бағасын да жапсырып бердім. Маған бұл еш қиындық тудырмады. Ал әжей болса, маған батасын беріп, риза болды. Анамның да маған күлімсіре қарап, мәз болғанын байқадым.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сочинение про овцу на казахском языке
қой- төрт түліктің бірі. Қой өзінің мамық жүнімен ерекшеленеді. Өзінің кішкене ғана құлағы мен тұяғы бар. Қой басқа малдарға қарағанда қолға ерте бағылған. Ол ешкіге ұқсас дыбыс шығарады. мәәә деп мәңірейді. Және де ол екіге бөлінеді. Ақ қой мен қара қой. Қара қой аққа қарағанда жиі рек кездеседі