sargisyan
?>

Что такое қалау рай? только на казахском

Казахский язык

Ответы

Сергеевна
Қалау рай
Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Ол үйіне жетсе игі еді. Не де болса шынын айтқайсың. Берілген мысалдардағы оқығым келеді, жетсе игі еді, айтқайсың деген етістіктер іс иесінің (мен) оқу іс-әрекетін, (ол) үйіне жету кимылын, (сен) айту іс-әрекетін қалау мәнін, соған ынтасын білдіріп тұр.

Қалау рай мынадай жолдармен жасалады.
1. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеледі. Кел көмекші етістігіне есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып, әр түрлі шақ мәнінде III жақта қолданыла береді. Мысалы: (менің) бар-ғы-м кел-ді, (-еді, -іпті, -ген, -ер), (сенің) бар-ғы-ң кел-еді, (-ді, -пті, -ген, -ер), (сіздің) бар-ғы-ңыз кел-ер, (-ді, -іпті, -ген, -ер), (оның) бар-ғы-сы кел-іпті (-ді, -ген, -еді, -ер) (біздің) кет-кі-міз кел-ген (-ді, -еді, -ер, -іпті), (сендердің) кет-кі-лерің кел-ді. Демек, калау райдың бұл түрі тәуелдік жалғауы жалғанып жіктеледі.
2. Шартты рай тұлғасына (-са, -се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: (мен) алсам игі еді, (сен) алсаң игі еді, (сіз) алсаңыз игі еді, (ол) алса игі еді.
3. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп келіп жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай-мын, (сен) бар-ғай-сың, (сіз) бар-ғай-сыз, (ол) бар-ғай. Кейде -ғай, -гей, -қай, -кей тұлғалы етістік жіктеліп келген еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те қалау рай жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай едім, (сен) барғай едің, (сіз) барғай едіңіз, (ол) барғай еді.
andrew409
Қасқыр (лат. Canis lupus) — жыртқыш аң.

Басқа атаулары да белгілі: бөрі, бері.Еркек қасқыр шамамен 50 килограмм болады, ал ұрғашысы 45 кг болады. Тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді.Қасқыр
Қасқыр — қайсар, аса сақ хайуан. Қайсарлығы — оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Ал аса сақ, аса қулығы әр түрлі әрекеттеріне байланысты айтылған. Бірде бір сұр қасқыр ауыл-үйдің арасына кіріп кетеді. Қиқулап қуа жөнелген топ алдында ғана келе жатқан қасқырдан демде көз жазады да қалады. Ары іздейді, бері іздейді, жоқ. Кейін артынан анықтап білсе, арлан қасқыр ауыл арасында тұрған электр желісінің бағанасын құшақтап, тікесінентік тұра қалған екен. Сұр бағана мен сұр қасқыр ешкімнің назарына да ілікпепті. Қасқырдың ақылдығына танданысқан топ, бастарын шайқаса тарқасыпты.Қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі. Әлі де солай. Бұғауға көнбейтін тұз тағысының аса жыртқыштығын дәріптеудің ең көрнекті үлгісі — «Көксерек»фильмі. Мұнда қасқырдың адам үстемдігіне еш көнбейтіндігінің ең нанымды дәлелі Көксеректің баланы жарып кетуінен айқын көрініс табады. Бұл — қасқырдың мейіріммен ұстауға да көнбейтіндігінің дәлелі.Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі — осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап тұрады.
Екатерина655
 Қасқырлар туралы
Қасқырлар өте қауіпті де айбатты жануарлар,оларды үй жануары ретінде асырауға келмейді.Себебі қасқырлар ондай ортаға бейімделе алмайды,және де өте кекшіл болып келеді. Қасқырлардын құйрығы ұзын әрі жуан болады.Қасқырлар негізінең түнде белсенді.Қасқырлардын шағын ұяласын "әуек" деп айтайды.
                                                  перевод
О волки Волки очень внушительные опасных животных,их содержание в качестве домашнего питомца не.Потому что волки не могут адаптироваться к такой среде,и очень кекшіл. Қасқырлардын хвост длинные и толстые.Негізінең ночью волки.Қасқырлардын малого и уют "әуек" айтайды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Что такое қалау рай? только на казахском
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*