Borisovna24
?>

Дауыссыз дыбыстар нешеге болинеды , оларды дыбыстап айт

Казахский язык

Ответы

marinanx
Дауыссыз дыбыстар 3-ке болинеди:катан,уян,унди
Станислав Валерий1696

қазақтың ұлттық тағамдары  . ұннан жасалатын ересек ер кісі күніне 300-400 грамға жуық, ал ауыр дене жұмысын атқарған кезде 600-800 грамға дейін нан жейді. нанда 40 пайыздан 50 пайызға дейін углевод, сондай-ақ белок пен аздаған май бар. бұл – нан күніне 600-1000 килокалория энергияны қамтамасыз етеді деген сөз. демек, тіршілік қызметіне қажетті бүкіл энергияның ¼ бөлігінен 1/3 бөлігіне дейінін наннан алады. нанның әртүрлі сорттарында 5 пайыздан 8 пайызға дейін белок бар. нанды көп жейтін болғандықтан, оның құрамындағы өсімдік белоктары ң белок жөніндегі жалпы қажетінің кемінде 20-30 пайызын қамтамасыз етеді. нан – ас атасы. ол бидай ұнынан жасалады. нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. нанды бір қолмен үзіп жемейді. қазақтар нанды қасиетті санайды. мыжыма – ыстық нанды үзіп-үзіп сары маймен шарада араластырып жасайтын тағам. ашығып келгенде тамақ піскенше мыжыма жеп алсаң, қарның тоқ. қиықша – қамырын жұқа илеп, жалпақтау әрі қиық-шалап кесіп алып, бауырсақ тәрізді майға пісіреді. қиық-шамен шай ішсең дәмі қан-дай тәтті десеңші. шелпек – айт күндерінде, аруақтарды еске алғанда, ас бергенде пісіріледі. қамырды жұқалап әзірлеп, майға пісіреді. шелпек жеті нан, тоғыз нан болады. таба нан – тапаға салып пісіріледі. пісірер алдында қамыр бетіне бармақпен басып ойық жасайды. қалыпқа салып пісірген наннан таба нан әлдеқайда дәмді де құнарлы.

terma-msk1

Томирис (Тұмар ханша) туралы диалог.

Аспандияр: Бүгін әдеттегіден ұзақ сабақ оқып отырған сияқтысың. Қиын болып жатыр ма?

Еркебұлан: Жоқ, қиын емес, керісінше қызығып кетіп, уақыттың қалай зымырап өтіп кеткенін байқамай да қалыппын.

Аспандияр: Сонда қай сабақты оқып отырсың?

Еркебұлан: Тарих сабағын оқып отырмын.

Аспандияр: Сонда қандай қызықты мәлімет білдің?

Еркебұлан: Ежелгі сақ халықтарының атақты әйел патшаларының бірі Томирис (Тұмар ханша) жайлы оқып отырмын. Анасы ерте дүниеден озып, әкесінің тәрбиесінде болған екен. Кішкентай күнінен әкесімен бірге еріп жүріп, талай рет жаудан да қашып құтылған. Бес жасынан асау атқа мініп, қолына кішкене семсер ұстап, соғыс өнерінің егжей – тегжейін үйрене бастайды.

Аспандияр: Ия, тарих сабағы тұнып тұрған мәлімет қой. Ал сен Томирис патшайымның тарихқа енуінің бір себебін атай аласың ба?

Еркебұлан: Әрине. Әйгілі «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирмен шайқасын атауға болады. Жазба деректерге сүйенсек, Кир патша көптеген елдерді жаулап алып, «Азия әміршісі» деген атаққа ие болып, сақтарға қарсы жорыққа шығады. Шайқастардың бірінде Кир патшасы Томиристің жұбайы Рустамды өлтіріп, Тұмардың баласын қолға түсірген. Тұтқында Томиристің ұлы мерт болады. Ал Кир көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасына өзіне тұрмысқа шығуын сұрады. Ал Томирис болса, ұсынысты қабылдамай, оның қанға тоймас басын қанға тұншықтыруға уәде береді. Ақыры, ұрыстардың бірінде жеңіске жетіп, Томирис Кирдің басын шауып алып, қан толтырылған сабаға тығып, «Аңсағаның қан еді, іш енді соны!» – деп айқайлаған көрінеді.

Аспандияр: Жарайсың! Сабақтыжақсы меңгерген екенсің.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Дауыссыз дыбыстар нешеге болинеды , оларды дыбыстап айт
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Svetlana ALLA
diannaevaaa
anton1969026203
sashakrotova943
sbraginets
oyudina
Александр734
oooviktoria17
samsakovs7757
uttgroup
razumeiko0790
afilippov3321
mekap22044
siyaniemoskva
Kosov-Aleksandr379