Сыныпта өзге ұлт өкілдері оқыса олардың қазақша сөйлеуіне көмектесер едім. Олардың қазақша сөйлеу деңгейін бақылап оларға қазақ тілін жақсы меңгеруге қол ұшымды созар едім
Константин Андрей
09.08.2020
Тәуелсіздік… Қандай ыстық, қарапайым әрі қасиетті сөз. Осынау қасиетті ұғымды аңсап күткен қазақ баласы екі жарым ғасыр бойы дұғадай жаттап,ұрпақтан-ұрпаққа найзаның ұшы мен қылыштың жүзімен, ата- баба қанымен аманат етті, намыс жігерін болат кездіктей жаныған батыр бабаларымыздың азаттық жолындағы күрестері- осының жемісі. Тәуелсідікке біз оңайлықпен жеткеніміз жоқ.Бүгінгі ұрпақ егемендік ғасырлар бойғы күрестің,«Елім-жерім» деген жан дауыстың , қасық қандарын қиып, ел үшін жанын пида еткен аға-апаларымыздың қанымен келгендігін есте сақтағанымыз жөн. Болашақтан үмітін үзбеген аға ұрпақ тағдырлары қаншама рет тағдыр таразысына түсіп,қыл үстінде тұрса да «құт дарып,қыдыр қонған» туған жерді көздің қарашығындай сақтай білді.Теңдік пен татулықты,елдік пен еркіндікті ту етіп ұстаған «бастаса қолдың көсемі,сөйлесе сөздің шешені» болған аталарымыз бен найзаның ұшы,қылыштың қыры,садақтың жебесіне тайсалмай қарсы тұрған аға-апаларымыздың арқасында еліміз «ақ түйенің қарны жарылған » тәуелсіздік таңына жетті.Ең бірінші ел болу үшін тілі,екінші діні,үшінші дінін сақтап қалуы тиіс. Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – алдымен халқымыздың бақыты.Елімізде бейбітшілік болуы халқымыздың өжеттілігі, батылдығы емес пе? Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезімін енгізуге ерекше көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Қазақ халқы әрдайым қонақжай халық.Халқымыз өзге ұлтты менсінбеу,оларды жамандауды білмейтін халық.Қазақ елін шын сүйетін азаматтар мен азаматшылар өте көп. Мен де елімді сүйетін қазақтың қызымын.Мен қазақ болғаныма мақтанамын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері ,сол мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлттың ауызбіршілігін ,қадағалауға үлесін тигізген бастық ағаларға алғысым шексіз,бәрі де сол кісілердің арқасында.Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі деп білемін. Қазақстан — қазақ халқының ата-бабамыздың қонысы. Халқымыз өлшеусіз табиғат байлығымен қатар, ең бастысы сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекшеленетінін ұмытпаған жөн.Бүгінгі шуақты күндерді бағалай біліп, жаңа белестерге ұмтылу – біздің ұрпақтың бағыты болуы тиіс.
iskypka
09.08.2020
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді жылы - Жұртым менің , не қиындық көрмеді? Жылап тұрып -Аналарым бұл жолда Сан перзентін ұара жерге жерледі! Барлық игіліктердің ең ұлысы- тәуелсіздік! Тәуелсіздік ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.1991-ші жылы 16-шы желтоқсанда тәуелсіздікке қол жетті. Үш ғасырға созылған бабаларымыздың арманы орындалды. Енді өз елтаңбамыз, туымыз, ұлттық теңгеміз, рәміздеріміз бар. Тарихи жерлеріміздің халықаралық шарттарға сай шекарасы бекітілді. Тәуелсіздігімізге- 25 жыл! Еліміз тыныш болсын! Тәуелсіз болу өз тағдырына өзі жауап беру деген сөз. Президентіміз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нұр жолымен, алға ұарай адаспай жалғастырайық, қолдау білдірейік!
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
40 сыныптағы достарың өзге ұлт өкілдері болса олардың қазақша сөйлеу деңгейі жөнінде сипаттама жазындар.