-Сәлем!
-Сәлем!
-Жақында наурыз мерекесі болады.Сен ол мереке жайлы білесің бе?
-Жоқ. Маған Наурыз жайлы айтып берші.
-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны Ұлыстың Ұлы күні деп те атайды. Туыс-ағайын бір-бірін қонаққа шақырады, ақсақалдар батасын беріп наурыз-көжеден бәрі ауыз тиеді. Сен наурыз-къженің дәмін татып көрдің бе?
-Жоқ. Ол қалай дайындалады?
-Наурызда әрбір қазақ үйінде наурыз-көже дайындалады.
Оған жеті түрлі бидай түрін, сүрленген ет,су,тұз қосады.Ммм, шіркін тіл үйіретін дәмі естен кетпейді!
-Дәмі керемет шығар, менің Наурыз мейрамын енді күні-түні күтетін болдым.
-Сен әлі бәрін естімедің ғой! Бұл күні тойдың көкесін көрерсің! Палуандар күресі, көкпар,асық ату деген қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі. Қазақ халқы ерте заманнан келген Наурызда ағаш отырғызу дәстүрін де ұмытқан жоқ.
-Мәссаған! Қандай тамаша! Мен осы жылы Наурызды өткізіп алмаспын!
-Ендеше мен сені біздің үйге Наурызды қарсы алуға шақырамын!
-Қонақжайлығыңа рахмет!
-Келесі кездескенше,сау бол!
- Сау бол!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сочинение по казахски на тему праздничный стол
Ұн тағамдары. Нан
Дастархан дегенде оның қақ төрінде шаңырақтың отағасы секілденіп ас атасы жайғасады. Әрине, нан. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазірдің өзінде нансыз ән болмайды, сән де болмайды. Сондықтан қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Майға пісірілетін бауырсақ, шақ-шақ, қытырлақ шелпектерді қоса кетейік.
Нан тағамдары ретінде печеньелер мен прәндіктерді де атап өтуге болады. Бәліш пен самса, тортты да атаусыз қалдыруға болмас.
Сүт өнімдері:
Одан кейінгі кезекте ақты төкпей қадірлеген қазақ халқы үшін сүт өнімдерінің рөлі ерекше. Бүгіндері баяғы дәстүрді сақтаған халық той-томалақта, түрлі мерекелік жиындарда дастархан басына құрт пен қаймақ, және т.б. сүт тағамдары мен сусындарын қоюды ұмытқан емес.
Жеміс-жидектер
"Қонақ" тағамдар
Қазақтың ақ дастарханына сырттан келген тағамдар баршылық. Қазақ жерінің аумалы-төкпелі замандардан бері сақталған ас мәзірі мен ұлттық тағамдары бүгіндері өз құнын аса жоғалта қоймады. Елімізге бөтен жерден келген дүниелер мен тілімізге шет елден келген кірме сөздер секілді "қонақ" тағамдар біздің де дастарханымызға арнайы ат басын бұрды. Қазақ дастарханына бүгін сән беріп тұрған тағамдардың көбі осы "қонақ" тағамдардың тізіміне кіреді. Солардың ішінде ең ерекше атап өтуге тұрарлығы - экзотикалық жеміс-жидектер.