Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Отбасы – а ң өсіп — өнер, қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, оны ұрпақ санасында қалыптастыратын ардақты әкелер мен аяулы аналар. Сынақ үшін берілген қысқа ғұмырда жанұяларымызды құрметтеуге, сыйлауға, өнегелі етуге тиіспіз. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата — анаңның алдында адамның парыз — міндеті өлшеусіз. Міне, сол ата-анаға сенің отбасыңның жарасым тауып отырғанын көргеннен артық бақыт жоқ. Ананың ақ сүтін, әкеңнің адал күшін ақтау — өз болашағыңда сақтау деген сөз. Отбасы шаттығын қалыптастырудың бір тетігі де осында жатыр. Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты үш топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Берілген автор сөздерінің ыңғайына қарай төл сөздер ойластырып, көп нүктенің орнына жазыңдар, тыныс белгілерін қойыңдар. 1) дегенді жиі айтатын айсұлу дедім мен амандасып болғаннан кейін . деп сұрадым мен одан 4) сонан соң өзінен-өзі деді 5) ақылбек былай деді дауыстады әлия қолын көтеріп. 7)кеше кешке жолыққанда сәуле деп, алмастан қайта-қайта өтініп, сөзін әбден пысықтаған. деді әсем өзіне -өзі сүйсінгендей
Берілген автор сөздерінің ыңғайына қарай төл сөздер ойластырып,көп нүктенің орнына жазыңдар, тыныс белгілерін қойыңдар.
1. «Әрқашанда тату болайық!» дегенді жиі айтатын Айсұлу.
2. «Жоғары шығыңыз, төрлетіңіз!» дедім мен амандасып болғаннан кейін .
3. «Қарағандының пойызы нешеде келетін еді?» деп сұрадым мен одан.
4. Сонан соң өзінен - өзі: «Бұл айтқаным дұрыс болмады – ау!» деді.
5. Ақылбек былай деді: «Демалыс күні мектеп алаңында футболдан жарыс өтетін болды».
6. «Неге барлық қиыншылықтар менің басыма түсті?!»деп дауыстады Әлия қолын көтеріп.
7. Кеше кешке жолыққанда Сәуле «Міндетті түрде ұйықтап қалмай, алыстан келе жатқан қонақтарды уақытында күтіп алып, қонақ үйге жайғастырыңдар» деп, Алмастан қайта - қайта өтініп, сөзін әбден пысықтаған.
8. «Көйлегім өзіме құйып қойғандай жараса кетті – ау!» деді Әсем өзіне - өзі сүйсінгендей.