osherbinin
?>

Напишите сочинению на тему "моя любимая казахская игра " на казахском

Казахский язык

Ответы

mail5
Менің сүйіктім ойыным -тоғызқұмалақ.Тоғызқұмалақ математикалық, әрі спорттық ойыны,Бұл ойын екі адам арасында өтеді.Ойын тақтасы -2 қазан,18 отау, 162 құмалақтан тұрады.Біздің мекттепте тоғыз құмалақ үйірмесі бар.Мектепте тоғызқұмалақтан жарыстар өткізіледі .Наурыз мерекесінде тоғызқұмалақ жарысы өтті .Мен жарысқа қатысып бірінші орынға ие  болдым.Бұл ойын маған өте ұнайды.Ойын математикалық ойлау жүйесін дамытып,төзімділікке баулиды.Бос уақытымызда  досымызбен  бірге  тоғызқұмалақ ойынын  ойнаймыз..Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда  қазақтың ең көп тараған ойыны болатын.
Аверьянова
Біздің планетамыздың өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттың тіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше. Ал, жарық пен жылудың негізгі көзі – Күн. Күн – жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп, күндіз көрінбейді. Оның себебі:

Күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000есе үлкен. Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км. Күннің жасы шамамен 5 миллиард жыл. Оның бетіндегі температура +6000° С-ге жуық. Ал ішкі жағындағы температура одан да көп. Жерге Күн қуатының 2 миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді. Күннен шыққан жарық жерге 8 минут 19 секундта жетеді. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. Ғалымдардың есептеуінше жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 4млрд жылдан асыпты. Осындай ұзақ уақыт ішінде бір клеткалы қарапайым организмнен әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. Күн сәулесі болмаса жасыл өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығармас еді. Оттегімен жан - жануарлар, адамдар тыныс алып, өмір сүреді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдіктер өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дәрі - дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, Күннен шығатын жарық пен жылусыз Жер бетінде атаулы болмас еді.
clic1968420

Қазір жиі кездесетін балалар аурулары.

Балалардың жиі кездесетін бірқатар аурулары бар. Олардың барлығының дерлік алдын алуға болады, сондықтан екпе күнтізбесіне сәйкес балалардың екпесін уақтылы алу - осы ауруларды болдырмауға үлкен септігін тигізеді. Балаларда жиі кездесетін ауруларға: желшешек, көкжөтел, ангина, отит, қызылша, сары ауру т.б. жатады.

Енді қысқаша балалар арасында жиі кездесетін аурудың бір түріне тоқталып өтсек.

Желшешек - вирустан тарайтын инфекциялық ауру. Желшешек ауа арқылы тарайды, мысалға дәліз бойымен желшешек сырқатты адам жүріп, артынша дені сау адам өтсе, ауруды жұқтыруы ықтимал. Сырқаттың инкубациялық уақыты 21 күнге дейін.  Ауру басталғанда температура 38—39°С-ге дейін көтеріледі де, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады. Ол бөрткендерді қасуға болмайды, себебі кейін жазылған соң орны тыртық болып қалып қояды. Балаларда әдетте бұл ауру жеңіл түрде өтеді, көбінесе бір ауырғаннан кейін иммунитет пайда болады. Дегенмен, қайталап ауру да мүмкіндігі болады. Желшешекпен ауырған балаға көп сұйықтық ішкізіп, дене температурасын қадағалап, бөрткенге дәрігердің кеңесі бойынша арнайы жақпа май немесе жасыл дәрі (зеленка) жағады. Сырқат баланың жатын бөлмесін жиі желдетіп, дымқыл шүберекпен сүртіп отырған дұрыс. Бөрткеннің қайталап шығуы тоқтағаннан кейін далаға серуендеуге шығуға болады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Напишите сочинению на тему "моя любимая казахская игра " на казахском
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ilds88
krasilnikov74
milkamilka1998
Наталья Юрьевич1228
tvtanya80
secretar62
pimenovamar
sergeevich
Zuriko1421
Olga1233
smakarov76
Lusiarko65
bellatrixstudio
Boykoyelena
irina-mic