Асыл әжем.
Әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі ғой. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше – осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Шоқан Уәлихановтың Айғаным әжесі, Абай атамыздың Зере, Мұхтар Әуезовтың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер.
Мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын. Тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті. Үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп. Өз басым, бұл өте жақсы дәстүр деп есептеймін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Демалыс уақытында ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын. Үнемі ол кісілерге көмектесіп тұрамыз. Ал әжем болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады.
Ал әжемнің айтатын ертегілері мүлдем ерекше! Кішкене кезімнен күнде кешкісін "Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде ..." деп жаңа ертегісін бастайды. Әжемді ерекше қатты жақсы көремін!
Кез-келген баланың жақсы көріп, құрметтейтін әжесі болады. Менің де әжем бар. Әжем өз атына сай адам. Өте ажарлы, мінезге бай, ақжарқын.Ол мені кішкентайымнан өсіріп бағып келеді.Күн сайын тәттілер алып беріп еркелетеді.Ақ әжем күн сайын ақыл–кеңес айтудан шаршамайды. Үнемі: «Сабағыңды жақсы оқы. Оқыған адам ғана өз арман-мақсатына жете алады. Жалқау болма, еңбекшіл бол. Өтірік айтпа. Қиянат жасама». Болашақта әжемнің айтқанын орындауға тырысамын.
Бұл өмірдегі үлкен арманым әжемнің денсаулығы мықты болып, жанымда жүре берсе екен. Мен өз әжеммен мақтанамын
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Переведите текст на казахский. без переводчика, я проверю, иначе . перевести самому, если хорошо знаете казахский. летом с братом мы ездили на алаколь на неделю. там было тепло. потом мы уехали жить на дачу. каждый день ходили в горы, так как за горой было озеро. иногда мы выезжали в город, ходили в кино или в парк. на даче мы занимались огородом. мне понравилось мое лето.