"Бәйтерек монументі" туралы диалог.
– Сәлем,Жайна!
– Сәлем,Арман!
– Қалың қалай? Нұр-Сұлтанда жайша жүрсің бе?
– Жаман емес,өзіңде ше? Ия,қыдырып келгем.
– Менде де бәрі жақсы.Керемет!Ендеше біздің үйге қонақ боп кет.
– Жоқ,ниетіңе рахмет!Қонақ үйде аялдауды жөн көрдім.
– Онда жүр жақын жерде Бәйтерек монументі бар,соны таныстырып қайтайын.
– Жарайды.
– Бәйтерек – қаламыздағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.
– Бұл ғимараттың авторлары кім екен?
– «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы:А.Рүстембеков, С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов.
– Шебер адамдар екен.
– Ия.Ал сен білесің бе Бәйтеректің биіктігі неге 97 м екендігін?
– Жоқ,неге?
– Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған.
– Мәссаған!
– «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен.
– Керемет!Мен оны тезірек көргім келеді.
– Олай болса жүр,асығайық!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Казак отбасында кандай даустурлер бар? "кiм не iстейдi? " улкендер: жасы кiшiлер: ул : кыз :