Қу түлкі Хитрая лиса Баяғы заманда қасқыр, түлкі, жолбарыс және түйе дос болып, бір өрісте жайылыпты. Басшылары ретінде жолбарысты сайлапты. Бір күні қасқыр мен түлкі қалай жесек деп сылтау іздей бастады. Түлкі көп ойланбастан жолбарысқа келіп былай депті: - О, патшам! Біздің азығымыз бітті. Жаңа азық қорын жинауға мүмкіндік болмады. Сондықтан біздің біреуімізді жеуіңізді өтінеміз! Жомарт түйе шыдамай, өзін жеуді ұсынды. Қасқыр мен түлкі бірінші болып бас салды. Сосын оларға жолбарыс та қосылды.Сөйтіп, түлкінің арамдығы арқасында түйе үшеуіне жем болды.
Aliferenko
18.05.2021
Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады.