Оттектің физикалық қасиеті
Оттектің кейбір физикалық қасиеттері бұрыннан белгілі. Ол иіссіз, дәмсіз, түссіз газ. Сондықтан оны ауадан ажырату қиын. Тек он сегізінші ғасырда тәжірибе жүзінде ағылшын химигі Дж. Пристли (1774 ж.) мен швед ғалымы К. Шееле (1772 ж.) оттекті бос күйінде алып, оның ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді. Оттек ауадан сәл ауыр . 0°С-та және бір атм қысымда (101,325 кПа) оның бір литрінің массасы 1,43 грамм, ал ауаныкі - 1,29 грамм тартады.
Оттек суда аз ериді. Қалыпты жағдайда 20°С-та және 1 атм қысымда судың 100 көлемінде небәрі 3 көлем оттек газы ериді. Осы қасиетіне орай, арнайы газ өлшегіш деп аталатын шыны аспаптағы суды ығыстыру арқылы оттек газын жинап сақтауға болады. Оттек - 183°С-та сұйылады, - 218°С-та қатады.
Химиялық қасиеттері
Оттегі қыздырған кезде көптеген заттармен әрекеттеседі, бұл үдеріс жану деп аталады, ол жылу мен жарықты бөле жүреді.
Жай заттармен әрекеттесуі
Бейметалдармен әрекеттесуін көру үшін оттегі толтырылған сынауыққа көмірдің түйірін салсақ, ол жарқырап жана бастайды (10-сурет):
С + O2 = СO2
Түзілген көмір қышқыл газын әк суына жіберсек оның лайланатыны сендерге белгілі. Бұдан басқа күкірт, фосфор, т.б. бейметалдар да оттегінде жанады (11-сурет):
S + O2 = SO2 4Р + 5O2 = 2Р2O5
Кейбір металдар да оттегінде жанып оксидтер түзеді. Мысалы, оттегімен толтырылған сынауыққа магний ұнтақтарын сепсек, оның жарқырап жанғанын көруге болады.
2Mg + O2 = 2МgО
Болат сымның ұшына кішкентай көмір түйірін шаншып алып, оны тұтатып оттегімен толтырылған ыдысқа салсақ жанған көмірден бөлінген жылудың әсерінен темір жана бастайды (12-сурет).
ЗFе + 2O2 = Fе3O4 (FеO•Fе2O3)
Элементтер оттегімен әрекеттесіп оксидтер түзеді, бұл тотығу үдерісі.
Оксидтер дегеніміз молекула құрамы екі элементтен тұрып, оның бірі оттек болатын күрделі заттар.
Оксидтерді атағанда элемент таңбасынан кейін жақшаның ішіне валенттілігі көрсетіледі де оксиді деген сөз қосылады. Мысалы, SO2 - күкірт (IV) оксиді, SО3 күкірт (VI) оксиді. Халықаралық номенклатура (атау әдісі) бойынша оксидтердің құрамындағы элемент атомдарының сандары грек сандарымен көрсетіліп аталады: CO - кеміртек монооксиді, СО2 - көміртек диоксиді, МnO2 - марганец диоксиді, Мn2O7 - димарганец гептаоксиді.
Күрделі заттармен әрекеттесуі
Кейбір күрделі заттар да оттегінде жанып оксидтер береді, мысалы, тамақ пісіргенде ас үйдегі газ пешінде қолданылатын пропанның (С3Н8) жануы:
С3Н8+ 5O2 = ЗСO2+ 4Н2O
Автогендік әдіспен металдарды кесу мен жалғауда мына реакция жүреді:
2С2Н2 + 5O2 = 4СO2+ 2Н2O
Металлургия өндірісінде өртеу пештерінде күрделі заттардың тотығу реакциялары жүреді:
2ZnS+3O2 = 2ZnO + 2SO2 Cu2S + 2O2 = 2CuO + SO2
Сонымен, оттегі жай және күрделі заттармен әрекеттескенде жану реакциялары жүріп, нәтижесінде әр түрлі оксидтер түзіледі.
Объяснение:
Можно лучший ответь и звёздочка
"Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар" деген сөз бар емес пе?! Қазақ халқы сан ғасырлық тарихында көптеген оқиғаларды бастан кешірді, бір елдің дәстүрінің элементтері бізге, біздің дәстүрдің элементтері басқа бір елге енген болар. Меніңше, қазақ халқының басты салт-дәстүрлері орындалып жүр, қалғаны заманға сай келмеуі мүмкін. Бірақ оларды қайта, зманға сай етіп жаңалау сіздің де қолыңызда болуы мүмкін. Көргенін жасайтын халықпыз, себебі, бір-бірінен көріп, салт дәстүрдің жаңадан мүлдем бұрын болмаған түрлері де пайда болып жатыр. Оған не дейсіз? Жалпы алғанда, сұрағыңыздың жөні бар, бірақ бұл жер пікірталас өткізетін жер емес, нақты сұрақ пен нақты жауаптың ортасы"
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Как написать сочинение на казахском языке как я провел лето.