Қымыз бен шұбат - шипалы сусын.
Қазақ халқы сүт тағамдарын қашанда «ақ» деп атап, ерекше қастерлеген. Қай ұлттық сусын болмасын, әрқайсының өзіндік емдік және қоректік қасиеттері бар. Ұлттық сусындар ағзаға оң әсер етеді, әрі денсаулыққа да пайдалы.
Қымыз
Ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды. Құрамында дәрумендер, майлар, белоктар бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды, олардың алдын да алады. Қымыз ас қорытуды жақсартады, қауіпті ісікті болдырмайды.
Бие сүтінен ашытылады. Оның алғашқы ашытқысын «қымыздың қоры» деп атайды. Кей жерлерде мұны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын, жылқының ашыған сүр жамбасының жұлынды сүйегін не малта салып немесе ашыған тары көженің суын қосып, бөлек ашытады. Сосын сабадағы қорды сарықпай, биенің жылы сүтін саумалдап, жаңғыртып отырады. Қымызды көп сапырғанда оған таза ауа көп сіңеді.
Қымыз тәрізді табиғи құдіретті сусынмен былай да емдейді: қымызды алғашқыда тәулігіне 6 рет 100 грамнан (қатты науқасқа 50 гр.), кейін 250 грамға дейін береді де, ағза қымыз ішуге үйренген соң оның мөлшерін 2-3 литрге дейін көбейтеді. Қымызды тамақтың алдында 1-1,5 сағат бұрын ішеді. Жатар алдында ішпейді. Жоғарыдағы ем сырқатпен әлсіреген, жүдеген, қаны азайған, туберкулезге шалдыққандарға шипалы.
Шұбат
Түйенің сүтін ашытып жасайды, қышқыл дәмді. Оның әзірлеу тәсілі қымыз ашытуға ұқсас. Шұбатты тағам ретінде үнемі ішіп жүретіндер өкпе ауруына өте сирек ұшырайды. Дәрігерлер өкпесі, асқазаны, ішегі ауыратындарға шұбат ішуді ұсынады. Өйткені, шұбат асқазанның секреторлық қызметін жақсартады, қышқылдылығын көтереді, дәрі-дәрмектердің емдік қасиетін арттырады, адамның дертке қарсы күресу қабілетін күшейтеді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Диалог на тему с другом на озере на казахском
- Отбасымызбен "Алакөлге" барып демалдық.
- Көлдің суының, балшығының емдік қасиетін байқадың ба?
-Иә,көл суы жүйкені тыныштандырады, тері ауруларына ем екен.
- Неше күн демалдыңдар?
-Бір апта жақсы демалып жақсы көңіл-күймен оралдық