Үйлену Тойы — жігіттің некелесуіне байланысты өз үйінде ұйымдастыратын той-думаны. Мұны кейде келін түсіру тойы деп те атайды. “Үйлену” деген атау еркектің әйел алып үйлі болуына, жеке түтін түтетіп, отау тігуіне байланысты қалыптасқан. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұзатылатын қызға міндетті түрде отау (киіз үй) тігіп беретін, яғни жігіт әйел алып, неке құрумен бірге үйлі болып бөлінетін. Сондықтан да осы қуанышқа байланысты ұйымдастырылатын мереке Үйлену тойы деп аталған. Оның барысында түрлі жосын-жоралғылар (қ. Беташар; Той; Салт-дәстүр) жасалып, тойшылар рухын, көңіл-күйін көтеретін бәсеке, сайыстар, сауық думандар өткізілген (қ. Ұлттық ойындар). Қазақ халқының ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлері бар. Олар ұрпақ болашағын, келешегін ескеруден туындаған. Ата-ана екі жасты үйлендірмес бұрын жігіт қалыңдықты туыстық араға жеті ата салып іздестіруін, жастарының ерекшелігін ескеріп отырған. Үйлену тойы алдында құда түсіп, жаушы жіберген. Құда түсу, ұрын тойын өткізген. Құдалар бір-біріне есік көрсеткен. Қалың малын алып, жасауын берген. Қыз ұзату тойынан кейін Үйлену тойы, яғни келін түсіру тойы өткізілген. Ауыл әйелдері жасаулы көштің алдынан шашу шашып қарсы алған. Кімде-кім көш бастар түйенің бұйдасын қабылдап алып ауылға жетектеп енсе, “мұрындық апа” атанып, тиісті сыйлығын алған. Ауыл адамдары жүкті түсіріп, ақ отауды әке үйінің оң жағына тігеді. Мұнда жас отау шаңырағын көтеруге балалы-шағалы, төңірекке жақсы атағы жайылған салиқалы ана таңдалады. Отау дайын болған соң, ауыл шетінде хабар күтіп тұрған келінді шымылдықпен бүркемелеп, ана-енесінің үйіне түсіреді. Жас келінді босағадан оң аяқпен аттатқызып, үш рет сәлем бергізеді. Ошақтағы отқа май құю рәсімі жүргізіледі. Келінді қарсы алған қыз-келіншектерге түрлі сыйлықтар (жүзік, білезік, т.б.) үлестіріледі. Қонақтарға табақ тартылып, ақсақалдар бата бергенде ақ отауға сыбаға жіберіледі. Жас келін оны сәлем етіп қабылдайды. Беташардан соң сауық-сайран басталады. Тойдан соң құдаларға киіт кигізіп, ат мінгізіп құрметпен шығарып салады.
Яна_Софья
06.01.2020
Табиғат ескерткіші — ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар табиғат объектілері. халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет тарапынан қорғауға алынады.табиғат ескерткіштері қатарына көне заманнан қалған, сирек кездесетін ағаштар мен ағаш топтары, жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар, шағын ормандар мен тоғайлар, табиғаты жағынан теңдесі жоқ өзен жағалауларымен аңғарлары, мұз дәуірінен қалған үлкен домалақ тастар, геологиялық шөгінділер, үңгірлер, арасан бұлақтары, сарқырамалар, кейбір көлдер т.б. жатады.
yamalsva45
06.01.2020
Последний день акции. телефон за пол цены! качественный samsung s8 уникальная акция! только при заказе телефона сегодня - скидка 50% ! успей! қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. сонау заманда қабанбай, бөгенбай, наурызбай сынды батыр басталатын ерлік істер кешегі желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті. аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды. туады ерлер ел үшін, өлмейді ісі мәңгілік. өшпейді абзал есімдер, ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз жұбан молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін. қазіргі таңда біз, тәуелсіз елдің жас өрендері үлкен күрес жолымен келген тәуелсіздігімізді, елдігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін өнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз қажет. тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыз ұшан-теңіз. әлем жұрты мойындаған іргелі ел болдық. мұның бәрі елбасымыз нұрсұлтан әбішұлы назарбаев пен халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасы. біз осының бәрін қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет. біз - бақытты ұрпақпыз. осы бақытты шағымыздағы болып жатқан күндерімізді бағалай білейік. это мое мнение.вы сама знаете.