Тарихи жәдігерлер.
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерден басталады, сондықтан, менің ойымша, әрбір азамат өзінің туған жерінің тарихын білуі тиіс.
Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Мұражайға саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында еліміздің түкпір – түкпіріндегі оқушылар тарихи - өлкетану мұражайларына саяхат жасау өскелең ұрпаққа терең ой салады деп ойлаймын. Тіпті шетелге саяхатқа шыққанда мұражайға барсаң сол елдің өткені жайлы барлық мағлұматты алуға болады.
Қазіргі заман ағымымен мұражайға бару қалыс болып бара жатқанымен, Туған жерінің тарихы мен мәдениетін білу мақсатында жас ұрпақты мұражайға апарып, түрлі жәдігерлермен таныстыру керек деп есептеймін.
Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Перевести. төр қонақбөлменің жоғарғы жағы.ол жасы үлкен , қонақтар отыратын сыйлы орын.қазақ үйге келген қонақты төрлетіңіз! , төрге шығыңыз! - деп қарсы алады. көрпе төсеп, жастық қойып, төрге отырғызады, кұрмет көрсетеді. қазақ хақында дастарқанға үлкендердерден бұрын отыру ұят саналады.себебі алдымен ақ сақалды ата мен ақ шашты әжені сыйлап, төрден орын береді.үлкен кісілер - көпті көрген, сыйлы кісілер.қазақта төріңнен қарт кетпесін деген сөз бар.себебі қарт тілегін айтып, батасын береді.төрде қарттар, одан төмен жастар отырады. тамаққа да үлкендерден бұрын қол созуға болмайды.ол - әдепсіздіктің белгісі.дастарқанда үлкендермен жарысып сөйлеу де ұят саналады.қазақ дастарқаны дос, байры, туыс қана емес, кез келген ға ашық.қазақтар бір-бірінің үйіне барып, жиі араласқанды ұнатады.әсірсе ата-анасын әрқашан құрметтеп, үйіне шақыру, төрге отырғызу - қазақ үшін әрі парыз.өйткені дастарқан - жақсылықтың басы, қуаныштың белгесі