artemka56rus
?>

Мини сочинение по казахсому на тему менын ажем

Казахский язык

Ответы

banketvoshod
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл теориями қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.
Nataliyaof
Адам өміріне зиянын тигізетін құбылыстың бәріне қарсы ырым жасау арқылы ата­бабамыз отбасы мүшелері мен жақындарын қауіп­қатерден талай сақтап қалған. Арада қаншама ғасырлар өтсе де, ұмытылмайтын қазақтың ырымы ұрпақтан­ұрпаққа ауысып келе жатыр. Жаңа заманның жаңа қазағы ретінде қаншама сенбейін десек те, шалқақтаған шаруамыздың ырымын жасасақ, түзеліп жүре беретіні рас дейді кейбірі. Айта берсек, қазақтың ырымы көп. Белгілі тарихшылар, дін қызметкерлері ырым-тыйымдар мен тұрмыстық наным-сенімдер ұқсас дейді. Аяқ басқан сайын алдыңнан шыға беретін қазақтың ырымдарының маңызы қаншалықты? Ешнәрсені де негізсіз айтпайтын және тектен-текке жорамал жасамайтын ата­-бабаларымыз өмір сүру барысында, тұрмыста жинаған ілім­-білімдерін мақал-­мәтелдер мен ырымдар арқылы кейінгі ұрпаққа жеткізді. Сөйтіп, тумысынан текті халық сақтандыру шараларының өзін тәрбие құралына айналдыра білді.
Babushkina27

Балаға бас ұстатуға болмайды, бас ұстаса әкесі өледі – Нельзя давать приготовленную баранью голову человеку, у которого жив отец, в противном случае отец может умереть.

Нанның қиқымын жеген бай болады – Кто съест (ест) хлебные крошки будет богатым.

Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса жол жүресін немесе қонақ келеді – Если младенец опираясь на землю ногами и руками смотрит из под ног, значит отправишься в путь или жди гостя.

Балаға бұғана ұстатпайды, бойы өспей қалады – Ребенку нельзя давать ключицу (бұғана қабырға), а то не вырастет.

Қыз балаға жілік ұстатпайды, күйеуге шықпайды – Девочкам нельзя давать мясо с трубчатой костью, а то не выйдет замуж.

Сәби көзін ашып ұйықтаса жары сұлу болады – Если младенец спит с приоткрытыми глазами, то будущая невеста (жених) будет красивой.

Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса, уайымшыл, жігерсіз болып шығады, етпетінен жатып ұйықтаса, ойшыл болады, аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса батыр, кемеңгерліктің белгісі – Если младенец спит свободно на спине, то вырастет знаменитым, если спит скорчившись, то будет печальным, слабовольным, если спит на животе, то будет умным и рассудительным, если спит раскинув руки и ноги, то будет батыром, отважным.

Тіл ұшын жесе сүйреңдеп сөйлей беретін болады – Кто ест (съест) кончик языка, тот будет болтливым.

Таңдай жесе шешен болады – Кто ест (съест) небо, тот будет искуссным в разговоре, оратором (шешен).

Сәбиге көз тимес үшін күйе жағып қояды – Чтобы не сглазили ребенка на лицо мажут золой отметину.

Жастың басы ауырса «басыңа бас қосылады» - Если у подростков и молодых болит голова, то говорят, что к голове (уму) прибавляется еще голова (ум).

Жұма күні кір жууға болмайды, аруақтар ренжиді – Нельзя стираться в пятницу, прогневишь духов предков.

Ақты (сүт, қаймақ, қымыз, айран, т.б.) төксе малдың желіні кетеді – Если разлить белое (молочные продукты), то потеряется у скота удой.

Пышақтың жүзі шалқасынан жатса сол үйдің малы пышаққа ілінеді – Если нож лежит обухом к низу, то в том доме будет зареан скот.

Киіз үй сыртына ит сарып кетсе, құт келеді – Если собака пометит юрту, то в этот дом придет счастье.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мини сочинение по казахсому на тему менын ажем
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Andrei-Shchukin
cheremetdiana
a-lossev111
bureiko
АнжелаВасильевич
zagadka27
ElenaSkvortsova2
Belik-elena20111
Анна1169
skryabinamaria
Иванович621
themolodoy
tribunskavictory
pwd10123869
dentalfamily