«Отан отбасынан басталады» деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны, бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен етене жақын болсақ, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ
Объяснение:
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.
Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.
Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.
Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.
Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.
Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.
Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1)-Ия, мен электронды кітапті пайдаланамын.
2)-Электронды кітапханаға мен kitap.kz, zerde т.б сайттардан кіремін.
3)-Онда кітаптардың түрлі жанрлары бар жəне тек ересектерге емес балаларға да кітаптар көп.
4)-Мен онда ертегілер мен əдеби кітаптарды оқыдым
5)-Əрине ұмытпадым.Мен мектептің кітапханасынан да кітап алып оқып тұрамын