fiorire731
?>

Үріккен еліктей, жас киіктей, ақ маралдай, керілген кер маралдай, жаннаттай жайнап, құндыздай мақпал қара, құралайдың көзіндей, оқ тиген ақ бөкендей, түлкідей епті, қырдың қызыл түлкісіндей, қояндай қарғып осы сөздерді қатыстырып шағын мəтін құрауға комектесиздерме

Казахский язык

Ответы

Ryazanova1575
Амина итті көрсе үріккен еликтей қорқып қашады.Бір күні көшеден жас киікте бір күшікті тауып алды.Ақ маралдай әдемі,ақкөңіл қыз күшікті түлкідей епті қылығымен шап беріп ұстап алды да үйіне әкелді.Күшікке жаны ашыганын жаннаттай жайнап жүретін анасы анасы бірден білді.Күшіктің жүрісы керілген кер маралдай,терісі құндыздай мақпал қара,көзі қуралайдын козиндей.Озге кушиктерди корсе оқ тиген ақ бокендей коркып колыма кояндай каргы минеди
is0019

Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

pryvalovo48

Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі - қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландырмақ - шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен?

Жүйрік ат - кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те - кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнеріменен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бәрін де біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несіне ұялып, қорланады екен?

Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Мұның бәрі - надандық, ақымақтықтың әсері. Бұларын айтсаң, кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді әуелгі әдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір әдет етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп біліп, ойланып өздігінен тоқтаған адамды көрмессің.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Үріккен еліктей, жас киіктей, ақ маралдай, керілген кер маралдай, жаннаттай жайнап, құндыздай мақпал қара, құралайдың көзіндей, оқ тиген ақ бөкендей, түлкідей епті, қырдың қызыл түлкісіндей, қояндай қарғып осы сөздерді қатыстырып шағын мəтін құрауға комектесиздерме
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

office426
Alsergus7811
yurkovam-037
deshkina82
mayorovmisc6
olimov
mez-omts-d5
vshumilov
Avshirokova51
Nikolai_oksana
Yurevna419
Анатольевна
Леонтьева
pashyanaram
StudioArtNails