Олимпиада туралы шағын шығарма.
Олимпиада ойындары немесе Олимпиада - төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Олимпиада ойындарының ұраны - «тезірек, жоғарырақ, күштірек». Олимпиада ойындары әрбір төрт жыл сайын өткізіліп тұрады, қысқы және жаздық болып екі түрге бөлінеді.
Олимпиада ойындары ежелге Грекиядан бастау алып, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылған болатын. Дүниежүзілік соғыс уақытында ойындар тоқтатылған болатын.
Кезекті Олимпиада ойындары өткізілетін қала, ойындарға 7 жыл қалғанда арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталады. Олимпиада өткізілетін қала ресми мәлімдемесін тапсырған бірнеше қала кандидаттарының ішінен таңдалады. Таңдау кандидат елдерінің өкілдері мен ХОК президенінен басқа барлық ХОК мүшелерінің құпия дауыс беруі арқылы өтеді.
Ереже бойынша соңғы дауыс беру рәсіміне кандидаттар тізімі арасында бес қаладан артық болмауы тиіс, бұл тізім бір жыл бұрын ХОК мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижесінде анықталады. Жеңімпаз кандидат дауыстардың жарытысынан артық жинау керек. Егер жеңімпаз алғашқы айналымда анықталмаса, онда екінші және кейінгі айналымдар өткізіледі.
Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ — 8 рет, Франция 5 рет, Ұлыбритания 3 рет, Германия 3 рет, Жапония, Италия, Канада 3 рет. Олимпиада ойындары барлығы 21 елде өткізілген. Жазғы ойындар 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген.
Орфографиялық нормаға сай шылаулары бар табиғат туралы 5 сөйлем:
1) Табиғат біз үшін баға жетпес қазына.
2) Табиғатты қорғау туралы хабарландырулар ілінген.
3) Табиғаттың да жаны бар,сондықтан оны аялай білейік.
4) Болашақта табиғаттың сақшысы әрі досы болғым келеді.
5) Табиғатқа деген алғысымыз зор-ақ.
Қосымша:
Шылаулар – сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер.
Орфографиялық норма – сөздердің дұрыс жазылуы.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қысқарған сөздерге сөйлем құрастыру керек 10 сөйлем ішінде бұұ ақш қаз - ми алму-дың тағы басқалар
Қысқарған сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.
Мамыр айының он бесінде Швейцарияның Женева қаласында БҰҰ мүше елдерінің саммиті өтті.
АҚШ президенті кезекті жұмыс сапарымен Қазақстанға келді.
Менің әпкем Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақ тілі» мамандығы бойынша білім алуда.
ҚР – ның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Келер жылы Алматы қаласында ТМД елдерінің басшыларының кезекті кездесуі өтеді.
Бір жыл ішінде інімнің бойы бес см – ге өсіпті.
ҚХР - ның Қазақстанмен шекаралас жерінде бауырлас қытай қазақтары Наурыз мейрамын атап өтті.
Болашақта оқуымды ойдағыдай тәмамдап, ҰҚК – де қызмет істейді армандаймын.
ҰБТ қорытындыларына сәйкес Қазақстан бойынша Қарағанды облысының түлектері бірінші орында.
Менің атам көп жылдар бойы ІІМ – де абыройлы қызмет атқарып, қазіргі таңда зейнетке шықты.