Астана ең алғаш ел ордасы болған кезде оның жағдайы нашар болған еді. Астана қазір өте қарқынды дамып келеді. Астанаға барған адамдар 2-3 жылдар өте барса, танымай да қалады. Көркем де, ғажайып сұлулығы көз тартар зәулім үйлер өте көп. Концерт залдары, Және қазір өте үлкен опера және балет театры салынуда. Біз Ел- басымызға көп алғыс айтуымыз керек. Астана күн сайын өзуде десек те болады. Ол сондай ғажайы қала. Болашақ қаласы да деп айтса болады. Және тағы көптеген ғимараттар көзді ашып жұмғанша жайын болуда. Тағы айта кетер жайт- "Экспо -2017" ол да, Ел ордасы Асанамызда салынбақшы! Астана, барлығымыздың саған айтарымыз "Көркейе бер!" Астана арман қала.
«Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар» шағын шығарма.
Қазақ халқы баланы ерекше жақсы көріп, бала десе барын беретін бауырмал халық саналған. «Бала адамның бауыр еті, көз нұры» деген мақал осының айғағы іспеттес. Бала – өмірдің жалғасы, ата – ананың перзенті, отбасының қызығы мен шыжығы. Балалы болып, перзенр сүю – Жаратушының берген сыйы.
Үйге іңгалап сәби келген күннен бастап, отбасының үйреншікті тәртібі мен түгел өмірі толықтай өзгереді. Бір отбасының тұрмыс – тіршілігі осы бір кішкентай періштенің айналасында болады. «Не пайда» атты термеде тіпті «Бұл жалғаннан не пайда, бұзығың шулап жатпаса» демекші, балалы үй қызыққа, қуанышқа, шаттыққа толы екендігі баршаға мәлім. Кішкене сәбидің күлкісінің өзі дүниедегі бар байлықты алмастыра алады десем, артық айтпаспын. Оның әр қылығы шаршағаныңды басып, көңіліңе жылылық ұялатады. Дегенмен, мұндай қуаныштың барлық отбасында бола бермейтіні өкінішті - ақ, әрине. Өмірде баласыз өтіп, сәби иісін аңсау ең үлкен бақытсыздық сияқты. Сондықтан да халық баласыз үйді қу мазарға теңеген болар.
Бала жоқ отбасылар Құдайдан жалбарынып бала тілеп, ар бұл тілектері орындалғанда тіпті қуаныштан жүректері жарылып кетердей күй кешетін болған. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп, әлпештеп өсірген.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Информация о бата(благословение )на казахском языке .
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.
Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халкының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.
Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді,