Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1. биыл отандың кәсіпкерлердің жиырма бес… «алтын сапа» белгісімен марапаттал- ды. 2. сіздің бизнес саласындағы өкіл… мектепке компьютер тарту етті. 3. шетелдік инвесторлар мен алматының ірі кәсіпкерлер… бас қосты. 4. айтулы кәсіпорындардың отандық тауарлар… брендке айналуда. 5. қазіргі таңда жағ мамандардың көздеген… табысқа ие болу. 6. олар мәжілісте өздер…нің жетістіктер… жайлы ба- жасады. 7. бәріміздің ойлаған… - халықтың жағдай…
Қыран құсты қастерлеген халықпыз.
Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.